«Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ

Жеңіс күніне арналған ерлік сабағы

2019 жылдың 8 мамырында № 2 Зерендi орта мектебiнiң 5-6 сынып оқушыларына Жеңiс күнiне арналған ерлiк сабағы өткiзiлдi. Мұндай ерлiк сабағын қалай болсын солай өткiзу мүмкiн емес. Бұл iс-шараға қатысушы әрбiр оқушы ардагерлерiмiздiң нағыз майдандық суреттерiн, хаттарын, құжаттарын өз көздерiмен көрiп, қолымен ұстап, жүрегiмен сезiнуiн көздей отырып ауданымыздың ҰОС ардагерлерi: Иван Ляминнiң, Күнiбай Жаныбаевтың, Николай Плюсниннiң архивте сақталған жеке тектiк қорлары құжатарының көрмесi ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Отанымызды немiс фашистерiнен қорғауға, бiзге бейбiт өмiрдi сыйлауға ер азаматтармен қатар қыздар да ерлiк көрсетiп күрестi. Сондықтан ауданымыздың ҰОС-ның әйел-ардагерлерi: Александра Зиновьева мен Лидия Плюснинаның да архивке тапсырылған жеке тектiк қорларының құжаттары көрмеге ұсынылды.

  

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.05.2019 17:37
© 2024. Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі