A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының нормаларын түсіндіру жөнінде семинар — кеңес

2023 жылдың 07 қыркүйегінде аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Е. Зәкірияновтың қатысуымен «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының нормаларын түсіндіру» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске Зеренді ауданы мемлекеттік архивінің толықтыру көздері болып табылатын ұйымдар мен мекемелердің мамандары қатысты, қатысқандар саны-52 адам. Семинар барысында жоғарыда аталған тақырыптан тыс ұйымның істер номенклатурасын қалыптастыру, 2023 жылдың 29 маусымдағы № 157 үлгілік құжаттар тізбесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу мәселелері талқыланып, 2024 жылы құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткізетін мекемелердің тізімі айтылды.


 

 

Мақаланың шыққан күні: 08.09.2023
Қаралым саны: 182

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»