A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ерлік шыңдары» атты Зеренді ауданының ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші

15 ақпан-бұрыңғы Кеңес Одағы елдерiнiң тарихындағы ерекше бiр күн, бұл күн 1989 жылы Кеңес әскерлерiнiң Ауғанстан жерiнен шығарылған күнi. Елеулi мереке қарсаңында 2019 жылдың 12 ақпанында №1 Зерендi орта мектебiнде Кеңес әскерлерiнiң Ауған жерiнен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған "Ерлiк шыңдары" атты Зерендi ауданының ауған соғысының ардагерлерiмен кездесу кешi өткiзiлдi. Аталған iс-шараның мақсаты: өскелең ұрпаққа Ауған соғысы жайлы толық мәлiмет беру, ардагер ағалармен ашық әңгiмелесу, сұхбаттасу, өз Отанына шексiз берiлген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлiгiн үлгi ету,

Ауған соғысында опат болған жерлес жауынгерлердiң рухына тағзым етуге, есiмдерiн қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Кездесу кешiне Зерендi ауданының ауған соғысының ардагерлерi-Жамбыл Қиззатұлы Бiләлов, Сандыбай Кәрiмқожаұлы Мұқышев шақырылды. Олар оқушыларға өздерi жайлы қысқаша баяндап, Ауған жерiнде өткiзiлген күндерiнiң естелiктерiмен бөлiстi.

Сонымен қатар Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi Кеңес әскерлерiнiң Ауған жерiнен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған жерлес интернационалист жауынгерлердiң құрметiне көрме ұйымдастырды. Көрмеге олардың марапаттау құжаттары, өмiрбаяндары, жеке және әскери суреттерi ұсынылды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 25.02.2019 14:30

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»