A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Тұғыры биік Тәуелсіздік!»

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсiздiк, егемендiк ұстанымдарын биiкке көтеретiн бұл күн-бiздiң Отанымыздың әрбiр азаматы үшiн қастерлi мереке. Азаматтық аңсаған елдiң түпкi мақсаты орындалды.

Бiздi бұл күнге дейiн жеткiзген ұмытылмас оқиғалар-ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерiлiстерi, қандай ауыртпалықты да көтере бiлген халқымыздың жасымайтын асқақ жiгерлi рухы, қайтпайтын табандылығы-өшпес өнеге, өлмес мұра ретiнде сақталуы тиiс. Бұл еркiндiк сүйгiш, патриоттық дәстүр 16 желтоқсан оқиғаларына дейiн жалғасты. Осылайша бұл тәуелсiздiк күнiнiң оңайлықпен келмегенiн бiлемiз.

Елдiң бiртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмiрiн сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусiз үлес қосқан iрi тұлғалар ретiнде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретiнде күнi бүгiнге дейiн жеткiздi. Бұл қасиеттi шежiре бүгiнгi буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сiңiрiлетiн баға жетпес игiлiк.

Тәуелсiздiктiң аз ғана жиырма төрт жылдық тарихында елiмiз көптеген елеулi табыстарға қол жеткiздi. Соның бiрi-дамыған елу елдiң қатарына қосылғаны. Ендiгi мақсат- дамыған отыз елдiң қатарына қосылу. Әрине, бұл Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасы. Сондықтан бұл күн жас мемлекетiмiз үшiн –бiртұтас елдiктiң, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенiмдi үмiттiң мерекесi болып табылады. Елiмiздiң ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың ерлiк дәстүрiне құрметпен басымызды иiп, Отанымыз-Қазақстанға деген құрметтеу сезiмiн әкелетiн бүгiнгiдей мереке күнi алға қарай тағы да берiк сезiммен қарап, болашақтың тыныш өмiрiнiң негiзiн қалау үшiн қазiр де бұл бағыттағы iс-әрекеттi жалғастыруымыз керек.

Елбасымыз айтқандай: «Қазақстанның болашағы-жастардың қолында!». Елiмiздiң гүлденуiне атсалысып, Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болайық! Елiмiздiң мәртебесi өсiп, Тәуелсiздiгiмiздiң тұғыры асқақтай берсiн!

Мұрағат қоймасының меңгерушiсi

Шынар Бекенова


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.03.2016 16:59

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»