A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қаламы жүйрік жазушы

Кербез Көкшетаудың баурайында орналасқан зерделi Зерендi жерiнде көптеген дарын иелерi жарық дүниенiң есiгiн ашқаны белгiлi. Солардың бiрi — Қошқарбай тауын жағалай қонған аттас елдiң тумасы, белгiлi жазушы, журналист, публицист Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген мәдениет қайраткерi Мәди Хасенов.

Ғажайып табиғаттың аясында сұлулық пен қарапайымдылықтан нәр алып, қазақи тұрмыс-тiршiлiктен бастау алған Мәдидiң арманы елiне қызмет ету болатын. Сол елiне деген сүйiспеншiлiгi Мәдидi Көкшетау қаласындағы мұғалiмдер даярлайтын арнаулы оқу орнына жетеледi. Артынан жоғары бiлiм ордасында бiлiмiн жалғастыруға да сол балалық арманы себепкер болды.

Абайдың «Өлдi деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артынан сөз қалдырған» деген өлең жолдарын бiздiң жерлесiмiз Мәди Хасеновқа да қатысты айтуға болады десем, артық айтпаған болармын. Дарынды тума қаламынан туындаған шығармалардың негiзiнде қазақи тұрмыс-тiршiлiк, қарапайым еңбек адамы, ауыл адамдарының қарым-қатынасы жатыр. Қарапайым ауыл тұрғынының қажеттiлiгiн шебер тiлмен жеткiзiп, елдiң көркеюiне өз үлесiн қаламның ұшымен қосқан қаламгер ағамыздың артынан ауыз толтырып айтарлықтай әдеби мұра қалды. Атап айтсақ, «Алғашқы ән», «Берлиндi алған батырлар», «Тұлпардың дүбiрi», «Нартәуекел», «Қайсар», «Тың тарландары», «Қазақстан», «Қайнар бұлақ» сияқты басқа да әңгiме, очерк, повесть, романдары жарық көрген.

Аудандық архивтiң үнемi сақтаудағы құжаттарында Зерендi ауданы әкiмiнiң 2002 жылғы шешiмдерiнде Зерендi ауданының Қошқарбай орта мектебiне Мәди Хасеновтың аты берiлгендiгi жөнiнде деректер бар.

Сөз соңында, елiмiздiң елдiгiн паш ететiн осындай нар тұлғалардың ерен еңбегi туралы мәлiметтi келешек ұрпаққа жеткiзу зиялы қауымның бiрден-бiр борышы екенiн есте ұстаған жөн дер едiм.

Мухамбеталина Г.Б.

Зерендi аудандық мемлекеттiк

архивiнiң мұрағатшысы


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.12.2016 10:17

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»