A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Біздің міндет- халыққа қызмет!

"Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi" КММ-сi мемлекеттiк «Мұрағаттық анықтамалар беру" қызметiн тегiн негiзде, ашықтық, сапалылық және қол жетiмдiлiк қағидаттарын ұстану арқылы, стандарт және регламент заңнамаларына сәйкес көрсетедi.

Архив қызметкерлерiмен мемлекеттiк қызметтiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн әр түрлi iс-шаралар (семинарлар, дөңгелек үстелдер және т. б.) ұйымдастырылуда. Жүргiзiлген жұмыстардың нәтижесi «Халыққа қызмет көрсету орталығы» және ЭҮП арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үлесi биылғы жылы 2 есе өстi.

Ал жемқорлыққа қарсы күрестi жүргiзу тек қана мемлекеттiк қыз-меткерлердiң ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның әрбiр азаматының мiндетi екендiгiн ескерсек, бұл бағытта 29 наурыз күнi "Бiздiң мiндет — халыққа қызмет!" тақырыбында акция ұйымдастырылды.Өткiзiлген iс шара сыбайлас жемқорлық аясын тарылту, әр қызметкердiң санасына қызметтiк мiндеттерiн адал орындауын жеткiзуге және сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн түп тамырымен құрту үшiн оған қарсы әрекеттер жасауға бағыт¬талды. Себебi бiздiң мiндетiмiз халыққа адал қызмет көрсету болып табылады.

Архив қоймасының
меңгерушiсi Д.Жузжанова


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.03.2017 14:39

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»