A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ата Заң-мемлекеттің басты тұғыры

Ата Заң — кез-келген зайырлы мемлекеттiң басты тұғыры. Мiне, Ата заңымыздың қанат қаққанына да жиырма жыл толып отыр. Сан ғасыр күресiп, тәуелсiздiкке қол жеткiзген жас мемлекетiмiз үшiн жылдардың орны ерекше бөлек. Ата Заңымыздың арқасында тәуелсiз Қазақ елiн әлемге паш еттiк. Тоқсаныншы жылдардың iшiнде болған қиындықтарды ел болып еңсердiк. Соның бастысы-Қазақстан көп өтпей, әлемнiң түрлi қауымдастықтары оң баға берген мемлекеттердiң қатарына енiп үлгердi. Әрине Ата Заңымыздың дүние есiгiн екiншi мәрте ашқан тұсы, аталарымыз ғасырлар бойы сарыла күткен тәуелсiздiкке қол жеткiзгенiмiзбен, алдымызда нарық экономикасының түрлi қиындықтары күтiп тұрған болатын. Бұған қоса айтылған керiтартпа болжамдар да жас мемлекетiмiздiң ертеңгi күнiн үмiтсiз етуге тырысты. Конституцияның арқасында мұндай бос сәуегейлiк пен нарыққа қатысты қиындықтар бiртiндеп артта қалды.

Бүгiнгi тұрақтылығы мен тыныштығының қаймағы бұзылмаған елдердiң қатарында тұрмыс кешуiмiз де жиырма жылдық тарихы бар Ата Заңымыздың арқасы. Осы Заңның негiзiнде қос палаталы Парламентiмiз құрылып, жоғарғы сот реформаланды, әдiлдiктiң нышаны iспеттi өзге де оң өзгерiстерге жол ашылды.

Адамзаттың арғы тарихына көз жүгiртсек, әдiлдiктi найзаның ұшымен, қылыштың жүзiмен орнатқан бiрде-бiр адам кездеспейдi екен. Есесiне, ел болып қабылданған заң аясында орнаған әдiлдiк тарихтан ойып тұрып орын алады. Осыған байланысты айтылған тамаша нақыл бар: "Әлем күйрегенiмен, әдiлеттiлiк жасасын" деген. Өткен ғасырлардағы Әз Тәукенiң "Жетi жарғысы", "Қасымханның қасқа жолы", "Есiмханның ескi жолы" атты заң нормалары болғанын заңгерлер ғана емес, бүкiл халық бiледi десем артық етпейдi. Берiде Қаз дауысты Қазбек би, Төле би, Әйтеке билердiң халық арасындағы қара қылды қақ жарған әдiлдiктерi-адам тағдырын шешiп, үкiм шығаратын бүгiнгi соттарға үлкен үлгi мен өнеге. "Туғанды биде иман жоқ, тура биде туған жоқ" деген аталы сөз де әдiлдiктiң нышанын көрсетiп тұр.

Сондықтан, Заң ең алдымен елде әдiлеттiлiктi орнату үшiн қажет. Демек, бүгiн әдiлдiк iздеген кез-келген жан алдымен Заң баптарын терең бiлуi тиiс. Сонда ғана әдiлдiгi алдынан өзi-ақ шығады.

Конституция қағидаттарына сәйкес, елiмiздiң демократиялық жолмен даму бағыты айқындалды. Құқықтық мемлекет қалыптастыру қағидалары қоғамда және азаматтардың санасында түпкiлiктi бекiтiлiп, өз жемiсiн беруде. Ең бастысы, Қазақ елiнде кейбiр көршiлерiмiздегiдей, «ертеңiмiз қалай болады» деген үрей жоқ, араб елдерiндегiдей тығырыққа тiрелтетiн дағдарыстардан да аулақпыз. Ал ондай дағдарыстар туындауының бiр негiзi конституциялық қайшылықтардан, даму бағытын айқындаудың олқылығынан туындап жатқаны да белгiлi болып жатыр. Керiсiнше, қазақ даласында орта қол шаруасын айналдырған халықтың ақжарқын жүзi мен ертеңге деген сенiмiн байқаймыз. Осының бәрi қолданыстағы Ата Заңды арқау ете отырып, оның ережелерiнен еш ауытқымай, елге, халыққа қызмет етiп отырған Тұңғыш Президент — Елбасының сабырлы конституциялық саясатының арқасы. Ең бастысы, Қазақстан мемлекеттiгiнiң нығаюына, елiмiздiң дамуына, халқымыздың өсiп-өркендеуiне негiз қалап берген Конституция Тәуелсiздiгiмiздi тұғырлы етуге де әлеуеттi екенiн танытып отыр. Ендеше, әрбiр қазақстандық Ата Заңымызды сыйлап, құрметтей бiлсе, сол игi!


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.03.2016 17:04

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»