A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жеке қорлар мәдени мұраны зерттеу көздері

Архив құжаттары тарихи дерек ретiнде Қазақстанның әлеуметтiк, экономикалық және саяси дамуына тигiзер әсерi мол. Тарихи зерттеулер архив құжаттары негiзiнде жинақталып жазылатындықтан бұл мәселе қазiргi таңда өзектi болып отыр. Архив құжаттарын мәдени — ағарту және насихаттық мақсатта пайдаланудың барысында: көрмелер ұйымдастырып, теле және радио хабарлар даярлап, лекция мен экскурсия өткiзiп және мерзiмдi басылымдарда мақалалар жариялап, түрлi құжаттық көрме ұйымдастыру болып табылады. Көрме құжаттарды насихаттау үшiн жасалады. Көрмеде арнайы таңдалып алынған құнды, әрi қызық (хаттар, естелiктер, фотосуреттер, брошюралар т.б.) құжаттар қойылады. Көрменiң тақырыбы елдiң қоғамдық — саяси өмiрiне белгiлi мемлекеттiк және қоғамдық қызметкерлерге, республика тарихына арналуы мүмкiн.

Архив құжаттарын мәдени-ағарту мақсатта пайдаланудың тағы бiр түрi — кездесулер ұйымдастыру, экскурсия мен лекция оқу болып табылады. Бұл кездесулерде архив қорының құрамы мен мазмұны жөнiнде және мұрағат қорын ғылым, мәдениет саласында пайдаланудың маңызын көрсетедi.

Осы бағытта бiз Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құрамдас және бөлiнбес бөлшегi, тарихи дерек көздерiнiң маңызды топтарының бiрi болып табылатын жеке бас тектi құжаттарды қабылдай бастадық. Себебi әдебиет, ғылым, өнер тарихын зерделеуде ,яғни адам әрекетi мен тарихи үрдiстiң алдыңғы қатарда жеке шығармашылық орын алатын саласында жеке бас тектi құжаттардың маңызы өлшеусiз. Бiздiң мемлекеттiк архивта 8 жеке бас тектi қор ашылды. Ауданымыздың құрметтi азаматтары Азнабаев Баймұрат Азнабайұлы, Шахма Баймырзаұлы, Ельтай Зейнелқабиденұлының және Ұлы Отан соғысының ардагерлерi Жаныбаев Күнiбай, Зиновьева А.А., Лямин И.И., Плюснин Н.Г., Плюснина Л.Д. жеке тектi қорларының тарихи және ғылыми құндылығы орасан зор. Олардың өмiрi мен шығармашылығы туралы құжаттар,сыйға тартылған кiтаптары, фотосуреттерi, қабылданған түпнұсқа құжаттары нағыз байлықтың өзi болып табылады.

Осы жеке тектi құжаттар З мамыр күнi №1-шi Зерендi орта мектебiнде өткiзiлген «Патриоттық әндер шеруi» iс шарасында мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен оқушылардың назарына Ұлы Жеңiстiң 72 жылдығына арналған көрмеде ұсынылды. Көрмеге архивта сақталған Зерендi ауданының Ұлы Отан соғысы ардагерлерiнiң жеке тектi қорларының құжаттары қойылды. Ұсынылған материалдар бойынша шолуды архив қоймасының меңгерушiсi Жүзжанова Динара Елубайқызы жүргiздi.

Осы күнi Мәлiк Ғабдуллин атындағы Зерендi қазақ орта мектебiнiң 9 сынып оқушылары архивта өзiндiк ерекшелiгi бар ерлiк сабағын алды. Директор Б. Айдосова оларды архившылармен таныстырып, олардың қызметi туралы әңгiмеледi. Архив қоймаларын аралатты. Қоймадағы 100 жыл сақталған ең көне құжаттарды өз көздерiмен көрiп қалай тамаша сақталған деп таңырқады. Балаларға ауыр соғыс уақыты, кеңес халқының соғыс кезiндегi ерлiгi туралы әңгiмеледi. «Бiздiң Отанымыздың қорғаушыларының ерлiктерi туралы естелiктi жүрегiмiзде мәңгi сақтауымыз қажет!»,-деп ескерттi.Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығына арналған Ақмола облысының Зерде кiтабының 11 томы жарық көргендiгiн айтып, кiтаптарды олардың назарына ұсынды. 9-шы томнан оқушылар өз аталарын тауып, олар жайлы мақтанышпен әңгiмеледi.

 

Содан соң архив қоймасының меңгерушiсi Д.Жүзжанова оқушылармен "Олардың есiмдерi әр адамның есiнде!" тақырыбында сабақ өткiздi. Осы тақырыпта слайд көрсетiп, архивта дайындалған «Бiз есте сақтаймыз! Бiз сiздердi мақтан тұтамыз!» тақырыбындағы көрмесiне шолу жүргiздi. Архив қызметкерiнен жерлес батырлар туралы есту, жалпы архив мекемесiндегi қызмет балаларды қатты қызықтырды.

9 мамыр күнi Зерендi селосының орталық алаңында бiздiң ардагерлерiмiздiң фашист басқыншыларына қарсы күрестегi Жеңiске қосқан үлестерiне арналған көрме халық назарына ұсынылды. Көрмеге қойылған әрбiр құжат, фотосурет бiздiң отандастарымыздың ұлы ерлiгi үшiн мақтаныш пен патриоттық рухқа толы болды.

Архив қызметкерлерiнiң бұл өткiзген iс шаралардағы басты мақсаты жас ұрпаққа бұл алапат соғыстағы Жеңiстiң бiзге қалай келгендiгiн ұғындыру, ауданымыздың соғыс ардагерлерiнiң есiмдерiн жүректерiнде сақтап, қадыр тұтуға тәрбиелеу болды. Себебi қасиеттi де қас¬тер¬лi Отан үшiн жан берiп, жанын пида еткен шейiттердi жыл сай¬ын еске алып, олардың рухына тағзым ету — бiздiң, кейiнгi ұр¬пақ¬тың ең басты парызы.

Архив директоры Б.Айдосова


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.05.2017 09:38

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»