Зерендi ауданы мемлекеттiк мұрағатының 2015 жылғы жұмысы Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және архивтар туралы" заңын, ҚР-ның мәдениет және спорт Министрiнiң 2014 жылдың 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекiтiлген «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын», «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттiк және арнаулы мемлекеттiк мұрағаттардың толықтыру, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын», «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын», «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi № 88-V Заңын, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (2013.03.07. берiлген өзгерiстер мен толықтырулармен), ҚР-сы Үкiметiнiң 2014 ж. 05 наурызындағы №183 өкiмiмен бекiтiлген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты мен Ақмола облысы әкiмiнiң 2014ж. 19 наурызындағы № А-3/94 өкiмiмен бекiтiлген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет регламентiн жүзеге асыруға бағытталды.
2015 жылы жоспарланған Көкшетау ауылдық-құрылыс комбинаты (Қор-177/5) мен Зерендi совхоз жұмысшылар кооперативтерiнiң (Қор-63) 466 сақтау бiрлiгiнiң 466 құжаттың жағдайы тексерiлдi.
Жоспарланған 240 сақтау бiрлiгiнiң 240-ның 327 бетi қалыпқа келтiрiлдi. Соның iшiнде Көкшетау ауылдық-құрылыс комбинатының (Қор-177/5) 150 сақтау бiрлiгi- 200 бетi, Зерендi совхоз жұмысшылар кооперативiнiң (Қор-63) 90 сақтау бiрлiгi-127 бетi қалыпқа келтiрiлдi.
Сонымен қатар Көкшетау ауылдық-құрылыс комбинаты (Қор-177/5) мен Зерендi совхоз жұмысшылар кооперативiнiң (Қор-63) есептiк құжаттар жиынтығын тексеру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.
2015 жылы жоспарланған 708 сақтау бiрлiгiнiң 1072 құжаттың құндылық сараптамасы жүргiзiлдi. Зерендi ауданы мемлекеттiк мұрағаты мен «Бәйтерек селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ-нiң Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының ЭТӘК-мен бекiтiлген, ведомстволық сақтаудағы құжаттардың құндылық сараптамасы жүргiзiлдi, сондай-ақ ҰОС ардагерлерi
Александра Александровна Зиновьева мен Иван Иванович Ляминнiң жеке тектi құжаттарының, 2011-2014 жылғы Зерендi ауданы фотоқұжаттарының, статистика басқармасының, «Приречен селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Самарбай селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Мәлiк Ғабдуллин атындағы ауылдық округi әкiмiнiң аппараты», Зерендi аудандық сотының, «Көкшетау МҰТП» ММ балық шаруашылығы орталығының Зерендi филиалы, «Қонысбай селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Қызылегiс селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Қаржы және экономика бөлiмi» ММ, Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша мемлекеттiк орталығының Зерендi аудандық бөлiмшесi құжаттарының құндылық сараптамасы жiргiзiлдi.
Жоспарланған 520 сақтау бiрлiгiнiң 803-i қорапталды, бiрiншi жартыжылдықта жоспарланған 290 сақтау бiрлiгiнiң 305-i қорапталды, бұл Зерендi аудандық мемлекеттiк мұрағаты (200 с.б), ҰОС-ның ардагерi А. А. Зиновьеваның (28 с.б), «Көкшетау МҰТП» ММ балық шаруашылығы орталығының Зерендi филиалдарыныңы құжаттары (77 с.б), екiншi жартыжылдықта жоспарланған 230 сақтау бiрлiгiнiң 498-i қорапталды. Бұл «Самарбай селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ (127 с.б), Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша мемлекеттiк орталығының Зерендi аудандық бөлiмшесi (43 с.б), «Бәйтерек селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ (66 с.б), «Приречен селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ (126 с.б), «Мәлiк Ғабдуллин атындағы ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ (69 с.б), статистика басқармасы (15 с.б), фотоқұжаттар (40 с.б), Зерендi аудандық сотының (12 с.б) құжаттары.
2015 жылы 1072 сақтау бiрлiгi қабылданды. 201 бағыт бойынша. 2015 жылы мекемелерден 708 сақтау бiрлiгiн, соның iшiнде басқарушылық 617 с.б қабылдау жоспарланған болатын, соның 969 с.б мемлекеттiк сақтауға қабылданды, оның iшiнде 913-i сақтау мерзiмi үнемi, 56-ы жеке құрам бойынша. Бұл Зерендi ауданы мемлекеттiк мұрағаты, «Бәйтерек селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, ҰОС ардагерлерi А. А. Зиновьева мен И. И. Ляминнiң жеке тектi құжаттары, 2011-2014 жылғы Зерендi ауданы фотоқұжаттары, статистика басқармасының, «Приречен селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Самарбай селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Мәлiк Ғабдуллин атындағы ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, Зерендi аудандық сотының, «Көкшетау МҰТП» ММ балық шаруашылығы орталығының Зерендi филиалы, «Қонысбай селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Қызылегiс селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Қаржы және экономика бөлiмi» ММ, Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша мемлекеттiк орталығының Зерендi аудандық бөлiмшесiнiң құжаттары. Жоғарыда аталған мекемелер мен жеке тектi құжаттардың құндылық сараптамасы жүргiзiлiп, тiзiмдемелерi Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының ЭТӘК-мен бекiтiлдi.
202 бағыт бойынша. 2015 жылы азаматтардан 50 с.б қабылдау жоспарланды, соның 63-i сақтауға қабылданды. Бiрiншi жартыжылдықта ҰОС-ның ардагерi А. А. Зиновьеваның жеке тектi құжаттарының 28 с.б қабылданды. Құжаттар қызы-Тамара Михайловна Юриновадан алынды. Жүйелендiру схемасына сәйкес тiзiмдемеде төмендегiдей бөлiмдер келтiрiлдi: иесiнiң өмiрбаянына құжаттар, жеке құжаттары, марапаттау құжаттары, естелiкке берiлген кiтап пен альбом, суреттер. IV тоқсанда мұрағат тағы бiр ҰОС-ның ардагерi Иван Иванович Ляминнiң жеке тектi құжаттарымен (35 с.б) толықты.
Сондай-ақ мемлекеттiк мұрағат жаңа фотосуреттермен толықты. Ол «Зерен» аудандық газетiнiң редакторы Светлана Васильевна Кимнiң өзiнен қабылданды. Тiзiмдемеге 40 сақтау бiрлiгi ендi. Қабылданған фотоқұжаттар Зерендi ауданының 2011-2014 жылдар аралығында болған маңызды спорт, экономикалық және саяси оқиғаларды қамтиды. Келiп түскен құжаттарды есепке ала отырып мұрағат қоймаларындағы топографиялық көрсеткiштер жаңартылды.
«Ұлттық мұрағаттар қоры мен мұрағаттар туралы» ҚР-сы Заңының 18 бабы мен «Жеке кәсiпкерлiк туралы» ҚР-сы Заңының 38 бабтарына сәйкес 2015 жылы мемлекеттiк сақтауға тапсырған барлық мекемелерге iс-құжаттарды жүргiзу, құжаттарды ведомстволық сақтау мәселелерi бойынша әдiстемелiк көмек көрсетiлдi.
Сондай-ақ зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша мемлекеттiк орталығының Зерендi аудандық бөлiмшесiне әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетiлiп мамандарымен «Ұлттық мұрағаттар қоры мен мұрағаттар туралы» ҚР-ның 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №326-1 Заңының, «Ұлттық мұрағаттар қоры мен жеке және ведомстволық мұрағаттар құжаттарын пайдалану, қабылдау, сақтау және есепке алу ережелерi туралы» ҚР-сы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1583 өкiмiнiң талаптарын сақтау» тақырыбында кеңес өткiзiлдi.
2015 жылдың 03 ақпанында Ақмола облысы бойынша «ХҚКО» РМК Зерендi филиалының қызметкерлерiмен семинар-кеңес өткiзiлдi, кеңес барысында «Мемлекеттiк қызмет туралы» ҚР Заңы түсiндiрiлдi. 2015 жылдың 04 ақпанында аудандық мекемелер мен ауылдық округтердiң iс-жүргiзушiлерiмен «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету», «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда iс-құжаттарды жүргiзу, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша жаңартылған нормативтiк құжаттармен танысу» тақырыбында семинар-кеңес өткiзiлдi.
2015 жылдың 23 маусымында Ақмола облысы бойынша «ХҚКО» РМК Зерендi филиалының қызметкерлерiмен «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiнiң 2015 жылдың 17 сәуiрiндегi №138 стандартын түсiндiру жөнiнде семинар-кеңес өткiзiлдi.
2015 жылдың 4 қыркүйегiнде ХҚКО-ның қызметкерлерiмен «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiнiң 2015 жылдың 22 мамырындағы №А-5/219 регламентiн түсiндiру» тақырыбында кезектi семинар өткiзiлдi.
2015 жылдың 25 қарашасында ХҚКО-ның қызметкерлерiмен «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiн көрсетуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау» тақырыбында семинар өткiзiлдi.
Каталогизация бойынша 95-қор-Зерендi ауданы әкiмiнiң аппараты қарастырылды. Қарастырылған 56 iстiң iшiнен 10 iс таңдап алынды: №121, 233, 235, 236, 237, 252, 253, 255, 296, 297. Таңдап алынған iстерден стадионның құрылысы, Үлгiлi орта мектебiне Жанайдар Мусиннiң атын беру, Зерендi ауылындағы Набережная көшесiнiң атын Ж. Мусин атындағы көше атауына өзгерту, Қостомар ауылындағы мектептiң құрылысы, В.И. Ленин атындағы Қошқарбай орта мектебiне Мәди Хасеновтың атын беру және тағы сол сияқты материалдардан 29 карточка жасалды.
Жоспарланған 6 iстер номенклатурасынан төменде көрсетiлген ұйымдардың 8 номенклатурасы мемлекеттiк және орыс тiлiнде жасалып келiсiлдi: «Құрылыс бөлiмi» ММ, «Қаржы және экономика бөлiмi» ММ, «Әдiлет басқармасы» ММ, «Мамандандырылған Зерендi балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектебi», «Зерендi ауданының тұтынушылар құқығын қорғау бойынша басқармасы» РМБ, «Бәйтерек селолық округi әкiмiнiң аппараты», «Исаковка селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Зерендi ауданының қазынашылық басқармасы» ММ.
«Әдiлет басқармасы» ММ, «Мамандандырылған Зерендi балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектебi» КММ, Зерендi ауданының тұтынушылар құқығын қорғау бойынша басқармасы» РМБ, «Зерендi ауданының қазынашылық басқармасы» ММ, «Бәйтерек селолық округi әкiмiнiң аппараты», «Исаковка селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ ведомстволық мұрағаттарының 6 ережесi мен сараптау комиссияларының 6 ережесi келiсiлдi.
2015ж. 01.01.-12.12 аралығында 1463 сұраным келiп түстi, соның iшiнде әлеуметтiк-құқықтық сипатта-1463, 81-тематикалық сұраным, 1-гениологиялық сипатта. Осының iшiнде 807-i ХҚКО арқылы, 152-ЭҮП арқылы, 504-құзiреттi орган арқылы. 1424 сұраным мерзiмi бойынша уақтылы орындалды, соның iшiнде 1194-iне-оң жауап, 230-iне терiс жауап берiлдi, 39-i орындалу барысында. Сұранымдардың барлығы «Е-акимат» базасына тiркелдi. Соның iшiнде 81 сұраным ВЕБ-ЕУОЛ бағдарламасы бойынша қабылданды. Арнайы нөмiрi бар 61 талон қолға берiлдi.
Аудандық «Зерен» газетiне мұрағат атынан «Құжаттарға жауапкершiлiкпен қарау керек», «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiн ЭҮП арқылы көрсету», Жеңiстiң 70 жылдығы қарсаңында «Ради жизни на земле» атты, Ж. Имангалиеваның «Человек-эпоха, человек-легенда» атты мақалалары басылымға берiлдi. Конституциямыздың 20 жылдығына Ш. Бекенованың «Ата Заң мемлекеттiң басты тұғыры», мұрағатшы Д. Азнабаеваның «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады», М. Ғабдулиннiң 100 жылдығына орай мұрағат директоры Б. Айдосованың «Қазақтың жарық жұлдызы», тәуелсiздiк күнiне Ш. Бекенованың «Тұғыры биiк Тәуелсiздiк!», «100 нақты қадам-ел болашағының шамшырағы», «Мемлекеттiк қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту» атты мақалалар жарияланды.
2015 жылдың қазан айында мұрағатта қарт адамдар күнiне орай мұрағат қызметiнiң ардагерлерi арнайы шақырылып iс-шара өткiзiлдi.
Бiр жыл iшiнде 5 көрме ұйымдастырылды. Соның бiрi- Жеңiстiң 70-жылдығы қарсаңында Зерендi ауданының ҰОС ардагерлерi құрметiне «Памяти павших будьте достойны» атты көрме. М. Ғабдулиннiң 100-жылдығы мен №254-қор А. А. Зиновьеваның жеке тектi құжаттары негiзiнде көрме.
Зерендi ауданының ҰОС ҰОС ардагерi А. А. Зиновьеваның
ардагерлерiнiң құрметiне жеке тектi құжаттарының көрмесi
ұйымдастырылған көрме
2015 жылдың 30 қарашасында М. Ғабдуллин атындағы №3 Зерендi орта мектебiнiң 10 «а» сынып оқушыларымен ҚР-ның Тұңғыш Президентi күнiне арналған «Әлем деңгейiндегi көшбасшы» атты брифинг өткiзiлдi.
Ауданымыздың 80-жылдығына орай 2015 жылдың 15 қарашасында аудандық мәдениет үйiнде мұрағаттық құжаттар негiзiнде «Мұрағат құжаттарындағы ауданымыздың дамуы туралы деректер» атты көрме ұйымдастырылды.
(Суретте Зерендi ауданының құрметтi азаматы Төлеғұл Ғосманұлы
Төлеғұл жұбайымен бiрге )
«Жерұйығым Зерендiм» атты фотовернисаж. Шақырылған қонақтар көрменi тама
Мұнымен қоса ауданымыздың 80-жылдығына арналып «Туған өлкем, саған арнаймын!» атты Зерендi ауданының тарихы жайлы көрме ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында 2015 жылдың 19 мамырында мұрағат директоры мұрағат қызметкерлерiне ҚР-сы Президентiнiң «2015-2025 жылдарға ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы туралы» 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 жарлығын түсiндiрiп, талқылады.
Мұрағат мекемесiнiң дәлiзiнде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту» атты стенд пен бұрыш ұйымдастырылды. Сондай-ақ ақпараттық плакатта мемлекеттiк қызметтi электронды түрде алу мүмкiндiгi жайлы ақпарат орналастырылды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында жыл бойы мұрағат қызметкерлерiмен жеке тұлғалар мен мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiне 130 буклет таратылды.
Директор Б. Айдосова