Зерендi ауданы мемлекеттiк мұрағатының есептi кезеңдегi жұмысы Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және архивтар туралы" заңын, ҚР-ның мәдениет және спорт Министрiнiң 2014 жылдың 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекiтiлген «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын», ҚР-ның мәдениет және спорт Министрiнiң 2014 жылдың 22 желтоқсандағы № 145 бұйрығымен бекiтiлген «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттiк және арнаулы мемлекеттiк мұрағаттардың толықтыру, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын», ҚР-ның мәдениет және спорт Министрiнiң 2014 жылдың 22 желтоқсандағы № 146 бұйрығымен бекiтiлген «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын», «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi № 88-V Заңын, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (2013.03.07. берiлген өзгерiстер мен толықтырулармен), ҚР-сы Үкiметiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi №138 өкiмiмен бекiтiлген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты мен Ақмола облысы әкiмiнiң 2014 жылғы 19 наурызындағы № А-3/94 өкiмiмен бекiтiлген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет регламентiн жүзеге асыруға бағытталды.
Есептi кезеңде жоспарланған 194 сақтау бiрлiгiнiң орнына 280 сақтау бiрлiгiнiң құжаттар жағдайы тексерiлдi, олар қор 22/204 «Қостамар селолық еңбекшi депутаттар Кеңесi және оның атқарушы комитетi -19 сақт.бiрл. мен қор 19 «Ленин жолы колхозы» 261 сақт. бiрл.
Жоспарланған қор 9 «Подлесный совхозы» — 32 сақтау бiрлiгi 78 беттiң бәрi қалыпқа келтiрiлдi.
МГП «Дидар» қор 94 есептiк құжаттар жиынтығын тексеру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.
2017жылғы I тоқсанында жоспарланған 51 сақтау бiрлiгiнiң орнына 195 сақтау бiрлiгiнiң құндылық сараптамасы жүргiзiлдi. Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының ЭТӘК-мен бекiтiлген, ведомстволық сақтаудағы құжаттардың құндылық сараптамасы жүргiзiлдi — бұл Юстиция басқармасы 60 сақт. бiрл., Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi 135 сақт. бiрл.
Жоспарланған 51 сақтау бiрлiгiнiң орнына 195 сақт.бiрлiгi қорапталды, бұл
Юстиция басқармасының — 60 сақт. бiрл., Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң — 135 сақт. бiрл.
2017 жылғы I-шi тоқсанда барлығы 195 сақт.бiрл. қабылданды. 201 бағыт бойынша. «Ұйымдар мен мекемелерден құжаттарды қабылдау» жоспарланған басқарма құжаттарының 35 сақт.бiрл. орнына, 195 сақт.бiрлiгi, яғни мемлекеттiк сақтауға 195 үнемi сақталатын құжаттар қабылданды, бұл Юстиция басқармасының — 60 сақт. бiрл., Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң — 135 сақт. бiрл.
202 бағыт бойынша. Азаматтардан 16 сақт.бiрл. қабылдау жоспарланды, 27 сақт. бiрл. тiзiмдеме жасалып Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының ЭТӘК тапсырылды.
Зерендi ауданының Ұлы Отан соғысының ардагерi Жаныбаев Күнiбайдың жеке тектi қорына құжаттар туысқандарымен тапсырылды.
Келiп түскен құжаттарды есепке ала отырып архив қоймаларындағы топографиялық көрсеткiштер жаңартылды.
Каталогизация бойынша 95-қор «Зерендi ауданы әкiмiнiң аппараты» қарастырылды. Қарастырылған 11 iстiң iшiнен 20 iс таңдап алынды: № 319, №320, №321, №322, №323, №324, №327, №328, №329.Таңдап алынған iстерден мекемелердiң атауларын өзгерту, қайта тiркеу, тарату , балансқа беру туралы 20 карточка жасалды.
«Ұлттық мұрағаттар қоры мен мұрағаттар туралы» ҚР-сы Заңының 18 бабы мен «Жеке кәсiпкерлiк туралы» ҚР-сы Заңының 38 баптарына сәйкес I тоқсанда Юстиция басқармасына, Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне, Сарыөзек селолық округiне және Қанай би атындағы селолық округке көмек көрсетiлдi.
Жоспарланған 5 iстер номенклатурасының орнына мемлекеттiк және орыс тiлiнде 6 iстер номенклатурасы әзiрлендi және келiсiлдi. Олар: Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мамандандырылған Зерендi балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi» КММ, МКМ «Агробизнес колледжi», «Дене шынықтыру және спорт бөлiмi» ММ, «Ауыл шаруашылық бөлiмi»ММ, «Айдобол орта мектебi» КММ, «Iшкi саясат бөлiмi»ММ. Айдобол орта мектебiнен басқа жоғарыда көрсетiлген 5 мекемелердiң ведомстволық архив ережесi мен сараптау комиссияларының ережелерi келiсiлдi.
1917 жылдан 2016 жылға "Архивтық құжаттарының жолсерiгi" құрылып, облыстық ЭТӘК тапсырылды.
«Еңбек ардагерi» базасы құрылды. Жоспар бойынша -20 , iс жүзiнде 23 Еңбек Ерiнiң аты –жөнi базаға енгiзiлдi.
Ай сайын архив сайты жаңартылып отырады. «Архив тарихы» , «Iс шаралар» бөлiмiне және жаңалықтар лентасына толықтырулар енгiзiлдi.
Сапалы мемлекеттiк қызмет көрсету мақсатында Зерендi ауданының мемлекеттiк мұрағаты " Қоғамдық мониторинг нәтижесiн " талқылады.
Сонымен қатар жедел жиналыстарда архив ұжымы «ҚР Конституциясына енгiзiлетiн өзгертулер мен түзетулер» туралы Заң жобасын және ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
01.01.2017 — 17.03.2017 аралығында әлеуметтiк-құқықтық сипатта 419 сұраным келiп түстi, соның iшiнде 22-тематикалық сұраным,0-гениологиялық сипатта. Осының iшiнде 162- ХҚКО арқылы, 144 -ЭҮП арқылы, 113 -құзiреттi орган арқылы. 375 сұраным мерзiмi бойынша уақтылы орындалды, соның iшiнде 308-iне-оң жауап, 67-iне терiс жауап берiлдi, 44-i орындалу барысында. Жауаптар өтiнiм берiлген тiлде әзiрлендi. Сұранымдардың барлығы «Е-акимат» базасына тiркелдi. Соның iшiнде 22 сұраным ВЕБ-ЕУОЛ бағдарламасы бойынша қабылданды. Арнайы нөмiрi бар 22 талон қолға берiлдi.
Аудандық «Зерен» газетiнде мемлекеттiк қызмет туралы Н.Камиеваның «За справкой в архив» мақаласы, «Зерделi Зерендi» газетiнде Ұлы Отан соғысының ардагерi Рахымжанов Қабдрашит атамыздың 95 жылдығына Г. Мухамбеталинаның «Ардагерлердi ардақтайық!» мақаласы жарияланды.
Ұлы Отан соғысының ардагерi, Зерендi ауданының құрметтi азаматы Рахымжанов Қабдрашит атамыздың 95 жылдығына 2017 жылғы 23 ақпан күнi архив қызметкерлерiмен жасөспiрiмдермен кездесу ұйымдастырылды.Кездесу Мәлiк Ғабдуллин атындағы Зерендi қазақ орта мектебiнiң интернатында өткiзiлдi.
Зерендi ауданының құрметтi азаматтары және Ұлы Отан соғысының ардагерлерiнiң жеке тектi құжаттарының көрмесi оқушылар назарына ұсынылды.
Құрметтi қонағымызды iс шараға арнайы шақырылған «Достық орталығы» атқарушы хатшысы Күләш Сәбiкенқызы , Ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Бекболат Көшкентайұлы құттықтады. Архив директоры Бақытжан Досымбекқызы ашық құттықтау хатын және архив ұжымы атынан картинаны сыйға тартты.Архившы Г.Мұхамбеталина мерейтой иесi туралы слайдпен таныстырды, мәдениет қызметкерлерi мен оқушылардың көмегiмен шағын концерт берiлдi.
Өзiнiң егде жасына қарамастан Рахымжанов Қабдрашит бүгiнгi күнi қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесiне үлкен мән бередi. Ардагер соғыс жылдары оның және жалпы бүкiл Кеңес халқының мойнына түскен қиындықтар жайлы әңгiмеледi. Оқушылар өз сұрақтарына жауап алды. Интернат оқушыларына аманат сөздерiн айтып, балалардың кiтап оқуға сүйiспеншiлiктерiн арттыру қажет екендiгiн ескерттi.
Бiрiншi рет ұйымдастырылған «Асар» қайырымдылық аукционына барлық жеке кәсiпкерлер, кәсiпорын басшылары, Зерендi тұрғындарымен бiрге бiздiң ұжым да қатысты. Аукционға Балалар шығармашылық үйi тәрбиеленушiлерiнiң өз қолдарымен дайындап жасалған қолданбалы өнер бұйымдары қойылды. Сауда-саттық жарысы қызу өттi, бұйымдардың бастапқы бағасы тез өсiп, нәтижесiнде барлық лото алғашқы старттық бағасынан едәуiр қымбатқа сатылды.
Аукцион аяқталған соң санақ комиссиясы қорытындысының есептеуiнше, аукцион нәтижесiнде және ерiктi жарналардан жиналған 830 мың теңге ақша сомасы жарияланды.
Ақша қымбат емдi қажет ететiн Настя Лакомкина мен Әсет Байжолововтың ата-аналарына тең бөлiнiп тапсырылды. Настя мен Әсеттiң ата-анасы олардың қайғы-қасiретiне ортақтасқандарға шын жүректен ризашылықтарын бiлдiрдi.
Дәл осы күнi 1 наурыз бiздiң ұжым аз қамтылған отбасылар үшiн киiм-кешек жинау бойынша қайырымдылық акциясына қатысты. Киiм-кешектердi қабылдау пунктiне бухгалтер Т.А. Сергеева жеткiздi.
Аз қамтылған және жетiм балалардың қиын тағдырларын түсiну оларға жанашырлық пен ықылас таныту көптеген адам жүректерiнiң қолдауын табуда.
Бiздiң назарымыз бен қамқорлығымыздың арқасында тұрмысы аз қамтылған отбасыларындағы тұратын балалар бұл әлемде жақсылық барына сенедi. Ал бiз олардың ең шынайы марапатын — алғысын аламыз.
8 наурыз мерекесi қарсаңында аудандық Мәдениет Үйiнде салтанатты концерт өткiзiлдi, онда аудан әкiмi Асқар Мұратұлы әйелдердi Халықаралық Әйелдер күнiмен құттықтады. Марапатталғандардың қатарында бiрiншi санаттағы мемлекеттiк архив мұрағатшысы Камиева Надежда Анатольевна болды.
2017 жылдың 13 наурызы Ақмола облысының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi департаментi ұйымдастырған «Адал жол — Честный путь» облыстық антикоррупциялық марафонының эстафетасын Көкшетау қаласынан Зерендi ауданы қабылдады.
2017 жылғы 14 наурыз бен 26 сәуiр аралығында ауданда "Адал жол — Честный путь" сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өткiзiледi.
2017 жылғы 15 наурыз күнi аудандық әкiмдiктiң мәжiлiс залындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны "Адал жол — Честный путь" шеңберiнде өткен "Сыбайлас жемқорлықпен күрес — әркiмнiң мiндетi" тақырыбындағы кеңеске құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары, аудан әкiмi аппаратының мамандары, дербес бөлiм, ауылдық округ әкiмдерi аппараттары, басқа да мемлекеттiк органдармен бiрге қатыстық.
"Азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруды сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк факторы ретiнде тәрбиелеу және мемлекеттiк қызметшiлердiң этикалық кодекс нормаларын сақтауы» туралы мәселелер тыңдалды.
Семинар барысында қатысушыларға семинар тақырыбы бойынша бейнероликтер көрсетiлдi, сұрақтар қойылды, тыңдалған баяндамаларға талқылау жүргiзiлдi.
17 наурыз аудан әкiмi А. Мұратұлы төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон "Адал жол — Честный путь" iс-шарасы шеңберiнде өткен Зерендi ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысының жұмысына қатыстық.
Күн тәртiбiнде "Мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтiк этика нормаларының" сақталуы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ықпал ететiн жаңа құралдарын енгiзу туралы, пәрмендi бұзылуының алдын алу, заңдылықты жетiлдiру, iшкi iстер органдарында кадр және тәрбие жұмысын жетiлдiру", " Бiлiм беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң туындауына жол бермеуге» бағытталған iс-шаралар ұйымдастыру туралы мәселелер қаралды.
18 наурыз бiздiң жұмысшы Малюков Владимир Владимирович сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон шеңберiнде өткiзiлген "Бүкiл қоғам болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы!" тақырыбында жаппай шаңғымен жүгiруде қатысты.
21 наурыз орталық алаңында жылдағы дәстүрмен «Достасқан Қазақстан!» қайырымдылық акциясы Достық орталығы, Iшкi саясат бөлiмi, Жастар русурстық орталығымен бiрлесе ұйымдастырылады.
Ұйымдастыруға жауапкершiлiк архив директоры Б.Айдосоваға жүктелдi. Архившылар қонақтарға дәстүрлi ұлттық тағамдарды тегiн үлестiредi.
24 наурыз күнi сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол — Честный путь» марафоны шеңберiнде Зерендi ауданының мемлекеттiк корпорациясы қызметкерлерiмен "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттiк қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру» тақырыбында кеңес және «Бiздiң мiндет-халыққа қызмет!» тақырыбында акция өткiзiледi.
31 наурыз Жүзжанова Д. Е. "Бiздiң мiндет –халыққа қызмет!" тақырыбында "Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында, құқық бұзушылықтың алдын алу туралы мақаласы жаряланады.
Директор Б. Айдосова