A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Архив тарихы

Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi Ақмола облысының ең iрi архивтерiнiң бiрi болып саналады. Архив қызметiнiң тарихы 1991 жылдың 8 шiлдесiнен бастау алған. Зерендi ауданының халық депутаттары Кеңесiнiң №183-7 шешiмiмен жеке құрам бойынша шаруашылық есептiк мұрағат болып құрылған. Кейiн мемлекеттiк мұрағат атанып тұрақты сақталатын және жеке құрам құжаттары қабылдана бастады. Зерендi ауданы әкiмшiлiгiнiң 1992 жылғы 28 сәуiрiнде №114-4 шешiмiмен жеке құрам бойынша шаруашылық есептiк мұрағат аудандық мұрағат болып қайта құрылды.

2005 жылдың 17 ақпанынан бастап Ақмола облысы әкiмдiгiнiң №А-3/52 қаулысының шешiмiмен «Ақмола облысының Зерендi аудандық мұрағаты» мемлекеттiк мекемесiнiң атауы Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар бөлiмiнiң «Зерендi аудандық мемлекеттiк мұрағаты» мемлекеттiк мекемесiне өзгертiлдi. 2008 жылдың 8 мамырынан бастап Ақмола облысының әкiмдiгiнiң №А-3/52 қаулысының шешiмiмен Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Зерендi ауданының мемлекеттiк мұрағаты» мемлекеттiк мекемесi болып атауы өзгертiлдi. 2016 жылдың 28 сәуiрiнен бастап Ақмола облысы әкiмдiгiнiң №А-6/197 қаулысының шешiмiмен Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi болып атауы өзгертiлдi. 2019 жылдың 17 қаңтарынан бастап Ақмола облысы әкiмдiгiнiң № А-1/20 қаулысы негiзiнде Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң атауы бағыныстылығының өзгеруiне байланысты Ақмола облысы мәдениет, мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi болып өзгертiлдi. Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 29 қарашадағы № А-11/613 қаулысы негiзiнде Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң атауы бағыныстылығының өзгеруiне байланысты Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi болып қайта өзгертiлдi.

Республикадағы әкiмшiлiк-аумақтық өзгерiстер де архив атауында көрiнiс тапты. 1997 жылдың 3 мамырынан мемлекеттiк архив Солтүстiк Қазақстан облысының архив мекемелерiнiң жүйесiне, ал 1999 жылдың 8 сәуiрiнен бастап Ақмола облысына қарады.

Архив құжаттары — өз кезiнiң объективтi куәгерi. Архивте Зерендi ауданының және бұрынғы Көкшетау ауданының құжаттары сақталған. Құжаттардың хронологиялық шектеуi 1917 жылдан бастап 2020 жылдарды қамтиды. Бұл өкiлеттi және атқарушы органдардың, қолданыстағы және қызметi тоқтатылған барлық меншiк нысандарының, мекемелер мен ұйымдардың құжаттары болып табылады.

Мемлекеттiк архив «Зерендi ауданының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне тиесiлi ғимаратта орналасқан. Архивтiң жалпы ауданы 212,4 шаршы метрдi құрайды. 2008 жылы жалпы ауданы 50,8 шаршы метрдi қамтитын қосымша үш бөлме берiлдi. Бұл өз кезегiнде Көкшетау қалалық архивiнен 6812 сақтау бiрлiгiн құрайтын құжаттарды қабылдауға мүмкiндiк бердi.

Мемлекеттiк архивтiң материалдық-техникалық базасының нығайтылуы, құжаттардың сақталуының тиiмдi жағдайын қамтамасыз ету жолында бiршама жұмыстар атқарылды. Архив қоймаларындағы ағаштан және темiрден жасалған сөрелер металл сөрелерiне ауыстырылды. 2020-2021 жылдары ғимараттың баланс ұстаушысы Зерендi ауданы мемлекеттiк архивiнiң жалдамалы ғимаратында шатыр мен электр жүйелерiн, жылу жүйесiн күрделi жөндеуден өткiздi. 2-шi қабаттағы ағаш терезелердi заманауи пластик терезелерiне ауыстырып, дәретхана орнатты.

Жыл сайын архивке қабылданатын құжаттар саны көбеюде, архивтiк қызметтiң барлық аспектiлерiне қойылатын талаптар да артуда. Салыстыратын болсақ, қорлардың жалпы саны алғашқы жылдары 4592 сақтау бiрлiгiн құраса, 2022 жылдың 01 қаңтарына 75709 сақтау бiрлiгiн құрайтын 300 қор бар, соның iшiнде 49852 тұрақты сақталатын, 24776 жеке құрам бойынша құжаттар, 167 фотоқұжаттар, 886 жеке тектiк құжаттар, 1 ғылыми-техникалық құжаттар.

Толықтыру көздерi өзгерiп, жаңа мекемелер, қорды құрушылар пайда болды. Тәуелсiздiк кезi сол кезде құрылған құрылымдардың: маслихат, ауданымыздың әкiм аппаратының, селолық әкiм аппараттарының құжаттарынан көрiнiс табады. Бұл құжаттар жаңа мемлекеттiң құрылуы , оның басқару аппаратының жетiлдiрiлуi, заң шығарушы, атқарушы билiктiң қалыптасуы, экономиканың дамуы жайлы мағлұмат бередi.

Мемлекеттiк сақтауға сонымен қатар қызметi тоқтатылған кәсiпорындар мен мекемелердiң жеке құрам құжаттары — мекемелердiң, ауылдық кеңестердiң, өндiрiстiк кооперативтердiң, акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң қабылданды.

Жыл сайын жұмыс өтiлi және жалақы мөлшерi, әкiмшiлiк-аумақтық бөлу, ұйым атауының өзгеруi, жекешелендiру, құрылтай құжаттарын қайта жаңғырту сұрақтары бойынша азаматтардың өтiнiштерi мен мекемелерден түскен сұраныстар көбеюде.

"Архивтiк анықтамаларды, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру" мемлекеттiк қызметiнiң электрондық түрiн халыққа қолжетiмдi әрi сапалы көрсету мақсатында мемлекеттiк архивте өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы орнатылып қажеттi құрал-жабдықтармен жабдықталды. Осы жерде тұрғындардың "Архивтiк анықтамаларды, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру" мемлекеттiк қызметiнiң электрондық түрiн халыққа қызмет көрсету орталығына жүгiнбей-ақ Қазақстан Республикасының (www.е-gov.kz) электрондық үкiмет порталы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

Ведомствалармен жұмыс белсендендiрiлдi. Ауданымызда Ұлттық архив қорын толықтырушы көздер болып саналатын 54 мекеме және 1 әлеуеттi толықтыру көзi бар. Әр қызметкерге толықтыру көздерiне жататын мекемелер бөлiнген. Архивистер өз жауапкершiлiгiндегi толықтыру көздерiмен белсендi жұмыс атқарады.

Барлық ұйымдар -толықтыру көздерiнде мемлекеттiк және орыс тiлiнде келiсiлген iс номенклатурасы, ұйымның орталық сараптау комиссиясы туралы және ведомстволық немесе жеке мұрағаты туралы үлгiлiк ережелерi бар. Әр толықтыру көздерiне бақылау iстерi басталған. Селолық әкiм аппаратының бас мамандары, аудандық мекемелердiң iс жүргiзушiлерiмен жыл сайын iс жүргiзу және құжаттарды мемлекеттiк сақтауға тапсыруға әзiрлеу туралы семинар-кеңестер жүргiзiледi.

Мемлекеттiк архивте сақталған жеке құрам құжаттары туралы нұсқаулықтар әзiрлендi. Архив құжаттары «Ақмола облысы» альманахын, «Зерендi және зерендiлiктер» кiтабын құрастырғанда қолданылды. Архивтiң әзiрлеген материалдары облыстық «Арқа ажары», аудандық «Зерен», «Зерделi Зерендi» газеттерiнде жарияланады. Сондай-ақ «Тарих-тұлғалар бейнесiнде» атты материалдар жинағы жарық көрiп, Халықаралық кiтаптар палатасының тiзiлiмiне ендi.

Зерендi ауданының мемлекеттiк архивiнде Ұлы Отан соғысының ардагерлерi: Александра Александровна Зиновьеваның, Иван Иванович Ляминнiң, Лидия Дмитриевна Плюснинаның, Николай Георгиевич Плюсниннiң, Күнiбай Жаныбаевтың, Григорий Илларионович Степченконың жеке тектiк қорлары қалыптасып сақталуда. Қорларда ардагерлердiң өмiрбаяны, ордендiк кiтапшалары, марапаттау куәлiктерi, әскери билеттерi, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, суреттерi, мақалалары және басқа да құжаттары бар. Мұнымен қоса "Зерендi ауданының ҰОС ардагерлерi құжаттарының жинақтамасы" және "Зерендi ауданының интернационалист-жауынгерлерi құжаттарының жинақтамасы" сияқты 2 жинақтама жасалды. Жыл сайын 9 мамыр күнi орталық алаңда Жеңiс күнiне орай қор құжаттарынан көрме ұйымдастырылып, "Зерендi ауданының соғыс ардагерлерi" атты жылжымалы көрме жұртшылық назарына ұсынылып отырады.

Сондай-ақ мемлекеттiк архивте төменде аталған азаматтардың жеке тектiк қорлары қалыптастырылып сақталуда:

1. Е. Айтқожин-Зерендi ауданының қоғам қайраткерi, кеңес, партия қызметкерi;

2. С. Жұмағалиев- Социалистiк еңбек ерi, Зерендi ауданының Құрметтi азаматы;

3. Ш. Баймырзаұлы-Қазақ КСР-ның халықтық ағарту iсiнiң озаты, Зерендi ауданының Құрметтi азаматы;

4. С. Өтеулин- Қазақ КСР-ның халықтық ағарту iсiнiң озаты, Зерендi ауданының Құрметтi азаматы;

5. Б. Азнабаев- журналист, жазушы-сатирик, Зерендi ауданының Құрметтi азаматы;

6. М. Қабдешев- Зерендi ауданының Құрметтi азаматы, қоғам қайраткерi;

7. К. Рақымжанова- Зерендi ауданының қоғам қайраткерi, суырып-салма ақыны;

8. А. Солошенко- еңбек ардагерi;

9. Поздняков И. П.- Зерендi ауданының Құрметтi азаматы;

10. Шаров В. Г.- әуесқой шаңғы спорт ардагерлерi одағының президентi, әуесқой өлкетанушы;

11. Қонқаев Қ. Қ.- соғыс және еңбек ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы, "Ардагер" зейнеткерлер клубының басшысы;

12.Есiмбаев Т. Н.- Зерендi ауданының қоғам қайраткерi, еңбек ардагерi;

13. Төлеғұл Ғ. Т.-Ақмола облысы ардагерлер кеңесiнiң төрағасы, Қазақстан журналистер Одағының мүшесi, Зерендi ауданының Құрметтi азаматы.

14. Е. Әкiмов-банк қызметiнiң ардагерi.

Мемлекеттiк архив жаңа фотосуреттермен толықты. Тiзiмдемеге 160 сақтау бiрлiгi ендi. Қабылданған фотоқұжаттар Зерендi ауданының 2011-2021 жылдар аралығында болған маңызды спорт, экономикалық және саяси оқиғаларды қамтиды.

Архив мекемесiнiң негiзiн қалаған алғашқы директор Айтхожин Елтай Зейнельгабиденұлы. Бұл архив үшiн қиын жылдар болды. Өйткенi барлығын жоқтан бастау керек едi. Зерендi ауданының райкомпартиясының бiрiншi хатшысы болып қызмет атқарған ұйымдастырушылық қабiлетi зор Елтай Зейнелқабиденұлының еңбекқорлығы мен тиянақтылығы арқасында архив мемлекеттiк мекеме болып қалыптасты.

2002 жылдан бастап, 11 жыл аралығында ауданымыздың мемлекеттiк архивiн Халилева Светлана Айтенқызы басқарды. Партия, комсомол жұмысында iс тәжiрибесi мол басшы архив жұмысының жетiлдiрiлуi жолында бiршама жұмыстар атқарды. 2013 жылдың 7 қазанынан 2018 жылдың ақпанына дейiн Зерендi ауданының мемлекеттiк архивiнiң директоры қызметiн ұйымдастырушылық қабiлетi зор, бiлiктi маман Айдосова Бақытжан Досымбекқызы атқарды. 2018 жылдың 3 қыркүйегiнде директор болып Тiлеген Ержiгiтұлы Сейфулин тағайындалды.

Архив iсiнiң дамуына қомақты үлес қосқан архив қызметiнiң ардагерлерi- Альбекова Раиса Құрманқызы, Балмағамбетова Тамара Қазбаққызы, Новокрещенова Татьяна Васильевна, Камиева Надежда Анатольевна, Қарпықбаева Қарлығаш Жанахметқызы жас мұрағатшылардың тәлiмгерлерi болып келедi.

Архивте өз iсiне берiлген Иманғалиева Жанат Елтайқызы, Жүзжанова Динара Елубайқызы, Бекенова Шынар Мұратқызы, Мұхамбеталина Гульден Болатханқызы, Сергеева Татьяна Александровна сынды қызметкерлер жұмыс iстейдi. Тәлiмгерлерiнiң сенiмдi iзбасары- Жұмабекова Шолпан Қалымжанқызы өсiп келедi. Ұжым тұрақты әрi тату. Әрқайсысы әр адамның тағдырына және ауданымыздың тарихына қатыстылығын сезiне отырып өз iсiне жауапкершiлiкпен қарайды. Әр сұранысты мұқият қарастырып, мұрағаттан қызмет алушыларының көңiлiнен шығуға тырысады.

Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени мұраны сақтау және дамытуға үлкен көңiл бөледi, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры Қазақстан халқының тарихи мәдени мұрасының ажырамас бөлiгi болып табылады. 2022 жылдың 22 желтоқсанында «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» ҚР Заңының қабылдануына 24 жыл толады. Осы қабылданған заңның негiзiнде Қазақстан халқының рухани байлығын сақтау және пайдалануды мұрағатшылар мемлекетiмiздiң қалыптасуында ең маңызды бөлiгi деп қарастырады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Н. Ә. Назарбаев болашаққа жаңа мiндеттер жүктедi. Ол "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жалғасы болып табылатын "Ұлы даланың жетi қыры" мақаласын iске асыру. Тәуелсiздiк жылдарында халқымыздың өткенiн зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Елiмiздiң тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтiруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты iске асырылды. Бiрақ, бабаларымыздың өмiрi мен олардың ғажап өркениетi жөнiндегi көптеген деректi құжаттар, әлi де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнiң бүкiл архивтерiнде өз iздеушiсi мен зерттеушiсiн күтiп жатыр. Сондықтан Елбасының ежелгi дәуiрден қазiргi заманға дейiнгi кезеңдi қамтитын барлық отандық және шетелдiк мұрағаттар дүниесiне елеулi iргелi зерттеулер жүргiзу үшiн «Архив — 2025» жетi жылдық бағдарламасын жасағаны дұрыс деп санаймыз. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдiк iрi архивтермен өзара жүйелi әрi ұзақ мерзiмдi ықпалдастықта болып, iздеу-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге баса мән берiледi. Архив деректерiн тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделi зерттеушiлер мен қалың жұртшылыққа қолжетiмдi болуы үшiн оларды белсендi түрде цифрлық форматқа көшiру қажет.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 19.01.2022 16:14

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»