A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұрағат – ел игілігі

Өткеннiң iзi — тарих үшiн мол мұра. Сондықтанда осынау қазыналы дүниелердi көздiң қарашығындай сақтау бiздiң басты мiндетiмiз.

Кешегiден ақпар беретiн кенiш, өшпеуге тиiс тарихи мұралар — мұрағатта сақталады. Ал, оның сансыз қойнауына үңiлер болсақ, талай беймәлiм асыл қазыналарға қанығасың. Сол сырлы әлемдi жинақтап, сақтап жүретiн мұрағатшылар дерек көздерiн қажеттi деңгейде келер ұрпаққа табыстауды өздерiнiң негiзгi борышы деп бiледi.

Ең әуелi мұрағат сөзiне түсiнiк берiп кетсем, «Мұрағат» немесе «Архив» (латынша archivum) — тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекеттiң арнаулы мекемесi. Мекемелердiң ескi құжаттарын сақтайтын бөлiмi немесе жеке тұлғаның өмiрi мен қызметiне байланысты жинақталған жәдiгерлер жиынтығы да архив делiнедi. Мұрағат — тарихымыздың алтын қоймасы. Оның уақыт өткен сайын құндылығы артып, тарих оқиғаларымен жеке тұлғалар рөлiн айқындауда ерекше басымдыққа ие болуы да сондықтан.

Зерендi ауданының мемлекеттiк мұрағаты Ақмола облысының ең iрi мұрағаттарының бiрi болып саналады. Мұрағат қызметiнiң тарихы 1991 жылдың 8 шiлдесiнен бастау алған. Зерендi ауданының халық депутаттары Кеңесiнiң №183-7 шешiмiмен жеке құрамды шаруашылық есептi мұрағат болып құрылған. Кейiн мемлекеттiк мұрағат атанып тұрақты сақталатын және жеке құрам құжаттары қабылдана бастады.

2005 жылдың 17 ақпанынан бастап Ақмола облысының әкiмдiгiнiң №А-3/52 қаулысының шешiмiмен «Ақмола облысының Зерендi аудандық мұрағаты» мемлекеттiк мекемесiнiң атауы Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар бөлiмiнiң «Зерендi аудандық мемлекеттiк мұрағаты» мемлекеттiк мекемесiне өзгертiлдi.

2008 жылдың 20 маусымынан бастап заңды тұлғаны мемлекеттiк қайта тiркеу туралы тiркеу нөмiрi №57-1902-23-ММ куәлiктiң негiзiнде Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Зерендi ауданының мемлекеттiк мұрағаты» мемлекеттiк мекемесi болып атауы өзгертiлдi.

Республикадағы әкiмшiлiк-аумақтық өзгерiстер де мұрағат атауында көрiнiс тапты. 1997 жылдың 3 мамырынан мемлекеттiк мұрағат Солтүстiк Қазақстан облысының мұрағат мекемелерiнiң жүйесiне, ал 1997 жылдың 8 сәуiрiнен бастап Ақмола облысына қарады.

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылдың 28 сәуiрiндегi №А-6/197 қаулысы негiзiнде Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Зерендi ауданының мемлекеттiк мұрағаты» мемлекеттiк мекемесi атауы Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне өзгертiлдi.

Мұрағат құжаттары — өз кезiнiң объективтi куәгерi. Мұрағатта Зерендi ауданының және бұрынғы Көкшетау ауданының құжаттары сақталған. Құжаттардың хронологиялық шектеуi 1917 жылдан бастап 2010 жылдарды қамтиды. Бұл өкiлдi және атқарушы органдардың, қолданыстағы және қызметi тоқтатылған барлық меншiк нысандарының, мекемелер мен ұйымдардың құжаттары болып табылады.

Тәуелсiздiк кезi сол кезде құрылған құрылымдардың: маслихат, ауданымыздың әкiм аппаратының, селолық әкiм аппараттарының құжаттарынан көрiнiс табады. Бұл құжаттар жаңа мемлекеттiң құрылуы, оның басқару аппаратының жетiлдiрiлуi, заң шығарушы, атқарушы билiктiң қалыптасуы, экономиканың дамуы жайлы мағлұмат бередi.

Архив жалпы ауданы 271,3 квадрат метрдi қамтитын ЖШС «Opsionға» тиесiлi мекеменiң екiншi қабатында орналасқан. Жыл сайын мұрағатқа қабылданатын құжаттар саны көбеюде, мұрағаттық қызметтiң барлық аспектiлерiне қойылатын талаптар да артуда. Салыстыратын болсақ қорлардың жалпы саны алғашқы жылдары 4592 сақтау бiрлiгiн құраса, 2016 жылдың 01 шiлдесiнде қарағанда 70345 сақтау бiрлiгiне толықты. Оның iшiнде 45444 тұрақты сақталатын, 24577 жеке құрамды, 211 жеке тектi құжаттар, 4 ғылыми техникалық құжат, 109 фото құжаттардың сақтау бiрлiктерi бар. Толықтыру көздерi өзгерiп, жаңа мекемелер — қорды құрушылар пайда болды. 2013 жылы 249 қор болса, бүгiнде қоймалар 264 қорға толықты. Мемлекеттiк сақтауға сонымен қатар қызметi тоқтатылған кәсiпорындар мен мекемелердiң жеке құрам құжаттары — селолық советтердiң, өндiрiстiк кооперативтер, акционерлiк қоғамдар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерден қабылданды.

Еңбек өтiлi және жалақы мөлшерi, әкiмшiлiк-аумақтық бөлу, ұйым атауының өзгеруi, жекешелендiру, құрылтай құжаттарын қайта жаңғырту сұрақтары бойынша азаматтардың өтiнiштерi мен мекемелерден түскен сұраныстар да көбеюде. Барлық өтiнiштер ХҚКО-нан, Е-әкiмдiк порталынан немесе шет елдерден пошта арқылы келiп түседi. Осылайша жеке және заңды тұлғалар мұрағат қызметiн пайдалану бойынша өтiнiш бiлдiрiп, мұрағатымыздың қызметiн пайдалану мүмкiндiгiне ие болады. Архив тарапынан берiлетiн анықтама — тегiн. Жауап түскен өтiнiш тiлiнде әзiрленедi.

«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 13-бабына сәйкес, мекемелердегi ведомстволық мұрағаттардың мерзiмi өткен соң мекеме құжаттарын басшы мемлекеттiк мұрағатқа тұрақты сақтауға беруi тиiс. Осы бағытта, бүгiнгi күнге дейiн ұлттық мұрағат қорын толықтыру мақсатында ауданның 57 мекемесiмен қоян қолтық жұмыс жасаудамыз. Әр мұрағатшыға толықтыру көздерiне жататын мекемелер бөлiнген. Толықтыру көзi болып табылатын барлық ұйымдар мен мекемелерде мемлекеттiк және орыс тiлiнде келiсiлген iс номенклатурасы, ұйымның орталық сараптау комиссиясы туралы және ведомстволық немесе жеке мұрағаты туралы үлгiлiк ережелерi бар. Әр толықтыру көздерiне бақылау iстерi басталған. Селолық әкiм аппаратының бас мамандары, аудандық мекемелердiң iс жүргiзушiлерiмен жыл сайын iс жүргiзу және құжаттарды мемлекеттiк сақтауға тапсыруға әзiрлеу туралы семинар-кеңестер жүргiзiледi.

Мемлекеттiк архивта сақталған жеке құрам құжаттары туралы нұсқаулықтар әзiрленген. Архив құжаттары «Ақмола облысы» альманахын, «Зерендi және зерендiлiктер» кiтабын құрастырғанда қолданылды. Архив әзiрлеген материалдары аудандық «Зерен», «Зерделi Зерендi» газеттерiнде жарияланады.

Мұрағат мекемесiнiң негiзi қаланған кезде алғашқы директор болып Айтхожин Елтай Зейнельгабиденұлы тағайындалды. Зерендi ауданының райкомпартиясының бiрiншi хатшысы қызметiн атқарған ұйымдастырушылық қабiлетi зор Елтай Зейнелқабиденұлының еңбекқорлығы мен тиянақтылығы арқасында мұрағат мемлекеттiк мекеме болып қалыптасты.

2002 жылдан бастап, 11 жыл аралығында ауданымыздың мемлекеттiк мұрағатын Халилева Светлана Айтенқызы басқарды. Партия, комсомол жұмысында iс тәжiрибесi бар басшы мұрағат жұмысының жетiлдiрiлуi жолында бiршама жұмыстар атқарды. 2013 жылдың 7 қазанынан бастап бұл iстi жалғастыру мiндетi маған жүктелдi.

Мұрағаттың дамуы жолында алғашқы құрылған күннен қомақты үлес қосқан мұрағат қызметiнiң ардагерлерi Альбекова Раиса Құрманқызы, Балмагамбетова Тамара Қазбаққызы жас мұрағатшылардың тәлiмгерлерi.

Архивта өз iсiне берiлген Имангалиева Жанат Елтайқызы, Новокрещенова Татьяна Васильевна, Камиева Надежда Анатольевна сынды қызметкерлер жұмыс iстейдi. Тәлiмгерлерiнiң сенiмдi iзбасарлары мұрағатшылар Азнабаева Динара Елубайқызы, Бекенова Шынар Мұратқызы, Мұхамбеталина Гүлден Болатханқызы. Ұжым тұрақты, тату. Әрқайсысы әр адамның тағдырына және ауданымыздың тарихына қатыстылығын сезiне отырып өз iсiне жауапкершiлiкпен қарайды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ұдайы мәдени мұраны сақтау және дамытуға үлкен көңiл бөледi. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры осы тарихи мәдени мұраның ажырамас бөлiгi болып табылады. 2013 жылдың 22 желтоқсан күнi «Ұлттық мұрағаттық қоры және мұрағаттары туралы» ҚР Заңының қабылдануына 15 жыл толды. Қабылданған заңның негiзiнде Қазақстан халқының рухани байлығын сақтау және пайдалануды мұрағатшылар мемлекетiмiздiң қалыптасуының ең маңызды бөлiгi деп қарастырады. Осы атаулы мерекеге қатысты кеңейтiлген алқалы жиында 2014 жылдың 20 ақпаны Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасында Ақмола облысында мұрағат саласына еңбегi сiңген қызметкерлердi марапаттау рәсiмi өткiзiлдi. Ұлттық мұрағат қорын дамыту жолында қосқан орасан зор еңбегi үшiн Құрмет грамотасымен марапатталғандардың арасында 13 жыл бойы Зерендi ауданының мұрағатында еңбек еткен, тынымсыз жұмысқа икемдiлiгi, дәлдiгi, жақсы ойлау, жадында сақтау қабiлетi, зейiндiлiгi,тиянақтылығы, сабырлылық және жан-жақтылығы сияқты мұрағатшыға тән барлық қасиеттерi бойында бар жоғары санатты, Имангалиева Жанат Елтайқызы болғаны ұжым үшiн үлкен қуаныш болды.

Архив жұмысы сан қырлы. Сәл көз жүгiрстек, 2013 жылы Зерендi №1 орта мектебiнде Зерендi селолық округiнiң ардагерлер кеңесiмен бiрлесiп «Елiмнiң тағдыры-менiң тағдырым» тақырыбында форум өткiзiлдi. 30 қарашада Бiрiншi президент күнiне арналған жастардың «Қазақстан 2020: болашаққа жол!» атты екiншi форумында «Туған өлкем, саған арнаймын!» көрмесi, «Елiмнiң қарқынды дамуындағы Зерендiнiң үлесi» фотогалереясы 16 желтоқсан күнi зерендiлiктер назарына ұсынылды. 2015 жылы Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы қарсаңында архив қоры биографиялық мазмұнда, жеке өмiрi және қоғамдық жұмысы туралы (40 құжат) 28 сақтау бiрлiктен тұратын — соғыс ардагерi Зиновьева Александра Александровнаның жеке тектi қорымен толықтырылды. Жеңiс күнi орталық алаңда қор құжаттарынан көрме, Зерендi ауданының соғыс ардагерлерi туралы жылжымалы стенд ұйымдастырылды.

Зерендi ауданының 80 жылдығына аудан тарихы туралы жылжымалы стенд, қор құжаттарынан «Мұрағат құжаттарындағы ауданымыздың дамуы туралы деректер» тақырыбында көрме ұсынылды. Жыл сайын архив жоспары негiзiнде басқа да iс шаралар дөңгелек үстел, экскурсия, көрмелер, брифинг ұйымдастырылып тұрады.

Соңғы жылдары мекемелердiң құжаттарымен қатар, өңiрiмiзде дүниеге келiп, елге еңбегi сiңген түрлi саладағы азаматтардың өмiр деректерiнен хабар беретiн жеке құжаттары қабылдауды қолға алдық. Бұл адамдар жайлы деректер зерендiлiктер үшiн құнды деп ойлаймын. Ұлы Отан соғысының ардагерлерi Лямин И.И., Плюснин Н.Г., Плюснина Л.Д., Зерендi ауданының құрметтi азаматтары Баймурзин Шахма, Азнабаев Баймұрат Азнабайұлының, мұрағаттың алғашқы директоры Е.З. Айтхожиннiң жеке тектi қорлары ашылып, барлығы 211 сақтау бiрлiгi қабылданды.

Сонымен қатар фото нұсқадағы Зерендi ауданында 2013-2016 жыл аралығында болған айтулы оқиғалардың фотосуреттерiнiң 109 сақтау бiрлiгiн қабылдадық.

Қазiргi таңда ғаламдық ақпараттандыру, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың кеңiнен таралуы қоғамдық ақпараттың рөлiн күшейтуде. Бұл орайда, ақпараттық қордың негiзгi бөлiгiн мұрағаттық құжаттар құрайтын болғандықтан, мемлекеттiк мұрағаттар мекемелерiнiң қызметiне инновациялық жаңалық енгiзу талаптары қойылуда. Осы ретте электрондық қорлар тiзiмi енгiзiлдi, келесi кезекте барлық тiзiмдемелердi енгiзу жұмысы қолға алынды.

Бiзге жүктелген басты мiндет — құжаттарды сақтау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету. Осы мақсатта құжаттарды қолайлы жағдайда сақтау барысында қажеттi iс-шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен, құжаттарды тазарту, түптеу, қатырма қағазбен қаптау, мұқабаларын жаңарту және тағы да басқа жұмыстар жүргiзiлiп отырады. Ел тарихында орын алған елеулi оқиғаларға қатысты құжаттарды сақтап, өңдеуде мұрағатшы мамандар елеулi еңбек үлестерiн қосуда.

Кейiнгi толқын — жастар өткен тарихты бiлу үшiн мұрағат құжаттарына сүйенедi. Олай болса, мұрағат — тарихи маңыздылығы зор құжаттар сақталатын халқымыздың алтын қазынасы, мұрағат — ел игiлiгi. Ал, мұндай қазына-байлық болашақ ұрпақ үшiн өте қажет және қайталанбас шежiре екендiгiн ұмытпағанымыз, абзал. Ұжымымды мұрағатымыздың 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, осы салада еңбектерiңiздiң жемiсiн көрiңiздер демекпiн. Қиын да қызығы мол еңбекте ел алғысына бөлене берулерiңiзге тiлектеспiн.

Архив директоры
Айдосова Бақытжан Досымбекқызы


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.12.2016 12:14

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»