Биыл бүкiл ел Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 72 жылдығын мерекелейдi. Жеңiс қанша тұңғиық заманға кетсе де, бiрақ ол жайлы естелiк қазiргi және болашақ ұрпақ жадында өз Отанына шексiз қызмет етудiң жарқын үлгiсi болып сақталуы қажет. Абыроймен өмiр сүру үшiн, өз тарихын есте сақтау керек, барлығы үшiн шайқасқандарды мақтан және құрмет тұту қажет. Қазiргi кезде бұл өте өзектi мәселердiң бiрiне айналды.
Ел басына күн туған сол бiр кезең көкiрегiнде намысы бар әр азамат үшiн үлкен сын едi. 1942 жылдың 2 шiлдесiнде бұрынғы Щучье ауданына қарасты Жамантұз ауылының тумасы Рахымжанов Кабдрашит атамыз да қолына қару алып, майдан даласына аттанған болатын. Ұлы Отан соғысының бел ортасында, қан майданда жанын шүберекке түйiп шайқасқан атамыздың ұрыс даласындағы ерлiгi, кейiннен еңбектегi жетiстiктерi де таусылмас әңгiме.
23 ақпан жерлес атамыз,Ұлы Отан соғысының ардагерi Қабдрашит Рахымжанов атамыз 95 жасқа толды. Бала кезiнен көп қиындық көрген атамыз 1932-1935 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданындағы М. Горький атындағы балалар үйiнде тәрбиеленген. 1942 жылдың 02 шiлдесiнде Қарулы күштер қатарына алынып 1945 жылдың желтоқсанына дейiн әскери борышын өтейдi. 1944 жылдың 10 маусымынан 30 маусымына дейiн және сол жылдың 22 қыркүйегiнен 15 желтоқсанына дейiн 443-шы атқыштар девизиясының құрамында жауынгерлiк iстерге белсендi қатысады. Қабдрашит атамыз өте алғыр, бiлiмдi болғандықтан, оны соғысқа әскерлердi дайындықтан өткiзетiн арнайы бөлiмде ұстаған. Соғыс аяқталғаннан кейiн 1946-1950 жылдары Қарағанды педагогикалық институтындағы орыс тiлi және әдебиетi факультетiн бiтiрiп, Игiлiк мектебiнде орыс тiлi, тарих пәндерiнен сабақ берген. Елiмiздiң жарқын болашағы жолында жас ұрпаққа сапалы бiлiм, саналы тәрбие берген ұстаз, әрi басшы болып үлкен беделге ие бола бiлдi. 1959-1979 жылдары Игiлiк мектебiнiң мектеп директоры қызметiн атқарған.1987 жылы зейнеткерлiкке шыққан. Қабдрашит Рахымжановқа 2014 жылдың 15 желтоқсанында "Зерендi ауданының құрметтi азаматы" атағы берiлдi.
Атамыздың үкiметтiк наградалары да жетерлiк: «1941-1945 жылдары ҰОС-да Германияны жеңгенi үшiн» медалi, «Ұлы Отан соғысы» орденi, Совет Одағының маршалы Г.К.Жуковтың «Немiс басқыншыларынан Украинаның азат етiлгенiне 60 жыл» медалi, «1941-1945 жж. Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығы» , «1941-1945 жж. Отан соғысындағы Жеңiстiң 65 жылдығы», «10 жыл Астана» медальдарымен марапатталған. Жеңiстiң 55 жылдығында Қабдрашит атамызға «1941-1945 ж.ж. соғыс ардагерi» белгiсi тапсырылды. 1982 жылдың 26 тамызында ССРО Жоғарғы Кеңес төралқасы атынан «Еңбек ардагерi» медалiн алған.
Жыл сайын тойланатын Жеңiс мерекесi ержүректiлiк пен отансүйгiштiктiң белгiсi. Қазiргi ұрпақтың болашағы жолында Ұлы Отан соғысы майданында қаншама адам қан төктi. Бүгiнде омыраулары орден мен медальға толы майдангерлер қатары саусақпен санарлықтай азайып барады. Осындай тұлғалардың ерлiктерiн кейiнгi ұрпаққа үлгi ету бiздiң мiндетiмiз. Мiне, 71 жыл бойы соғыс ардагерлерiнiң арқасында еркiндiк пен бейбiтшiлiкте өмiр сүрiп келемiз.
Осы мақсатта аудандық архив қызметкерлерi Зерендi қазақ орта мектеп интернаты тәрбиеленушiлерiмен мерейтой иесi Қабдрашит атамен кездесу өткiздi. Соғыс ардагерлерiнiң және Зерендi ауданының құрметтi азаматтарының жеке тектi қорларынан көрме ұйымдастырылды. Басты кейiпкерге деген тiлектерiн кездесудiң сыйлы қонақтары "Достық орталығының" атқарушы хатшысы Күләш Сәбiкенқызы, Ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Бекболат Көшкентайұлы бiлдiрдi.
Мемлекеттiк архив директоры Бақытжан Досымбекқызы құттықтау хатын және кездесуден естелiк ретiнде архив атынан картина табыстады. Мерейтой иесi жайлы слайд көрсетiлiп, мәдениет қызметкерлерi мен оқушылардың қатысуымен концерт ұйымдастырылды.
Қабдрашит Рахымжанов құрметтi егде жасына қарамастан бүгiнгi күнi қоғамдық жұмыстарға және жастардың әскери-патриоттық тәрбиесiне белсене араласады. Оның 11 немересi ер жетiп келедi. Оның отбасы болып Игiлiк мектебiнде педагогикалық еңбек жылдары тәрбиеленген барлық шәкiрттерi де саналады.
Ардагер оқушылармен соғыс жылдарындағы оның өмiрiне және бүкiл Кеңес халқының үлесiне түскен қиындықтар жайлы естелiктерiмен бөлiстi.Қалай соғысқа аттанар әскерлердi дайындағаны жайлы әңгiмеледi. Жүрегiне ауыр да болса ашаршылық жылдарын еске алды. Интернат тәрбиеленушiлерiнiң сауалдарына жауап берiп, жақсы оқуға шақырды, кiтап оқуға деген құмарлықтарын оятуға тырысты. Батасын бердi. Ұлы Сейiлхан Қабдрашитұлы мектептегi балалар тәрбиесiне ерекше көңiл бөлген әкесiнiң жақсы қасиеттерiне тоқталды.
Бүгiнде ел басына күн туғанда азаттықтың ақ таңына ұмтылған майдангер арманы орындалды. Бұл кездесу кешi жасөспiрiмдер санасында жаңа бiр серпiлiс пен асқақ рухтың орын алатынына кепiл болатын өнегелi шара десе артық айтқандық болмас.
Зерендi ауданының
мемлекеттiк архивi
Г.Б.Мұхамбеталина