1. Жалпы ережелер
1) Қызмет берушi туралы мәлiметтер
Ақмола облысы цифрландыру және арзхивтер басқармасының "Зеренді ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы 021200, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі 58 байланыс телефоны 8 (71632) 21-3-43
Зеренді ауданы мемлекеттік архивінің 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер және халықты ақпараттандыру бойынша жүргізілген іс-шаралар бойынша мәліметтер енгізілген.
2) Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат
— Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны: мемлекеттiк архивтер 1 мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерiн беру: 1) қызмет берушiнiң кеңсесi; 2) Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет «мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы; 3) «электрондық үкiметтiң» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызмет электрондық (iшiнара автоматтандырылған)/қағаз жүзінде көрсетiледi.
Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттiк қызметтердiң саны 1843 құрады. Соның ішінде:
- «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы — 87;
- www.e.gov.kz веб-порталы арқылы– 1439;
- Қызмет берушiнiң кеңсесi арқылы — 298 және бейінді емес сұранымдар саны — 19.
1844 сұраным уақытында орындалып, 1488-оң, 337 — теріс жауап берілді, 19-бейінді емес, 47 сұраным орындалу барысында. Келіп түскен сұранымдардың бәріне өтініш түскен тілде жауап берілді.
Мемлекеттiк архивте «e-gov» өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы орнатылған.
2.Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.
Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты мемлекеттiк архивтің стендтерiнен алуға болады. Мемлекеттiк архивтiң сайтында www.gov.kz, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414, 8 800 080 7777.
2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Мемлекеттiк архив қызметi туралы есептер басқарманың сайтында және әлеуметтiк желiлерiнде орналастырылады, онда әрбiр тұрғын есептердi қарап, түсiнiктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2023 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету процестерiн жетiлдiру бойынша 2 iс — шара өткiзiлдi.
Аудандық "Зерен" газеттерінің беттерінде 1 мақала жарияланды
3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет
1) 2023 жылы «электрондық үкiмет» порталы арқылы мемлекеттiк қызметтi орындау бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi:
Мемлекеттік архив 2023 жылы «электрондық үкiмет» порталы арқылы 1442 мемлекеттiк қызмет көрсетті.
2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.
2023 жылы мемлекеттік архивтің 1 қызметкері "Рахат"ЖК-де біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2023 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шағымдар тiркелген жоқ.
5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтi алушылардың қанағаттануын арттыру.
Азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс iстеуде, оның iшiнде қағазбастылық пен бюрократизм фактiлерiнiң жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсiби тәсiлдi қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерi немесе архивтiк үзiндiлер беру» мемлекеттiк қызметiн алу туралы халықты хабардар ету («электрондық үкiмет» порталын танымал ету үшiн БАҚ, әлеуметтiк желiлер және т.б. арқылы халықты хабардар етудi жүргiзу).
Комментарии