A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Зеренді ауданының мемлекеттік архиві»КММ директоры Айдосова Бақытжан Досымбекқызының Жолдауға қатысты пікірі

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлiмдемесiн тыңдадық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға жасаған маңызды мәлiмдемесi арқылы ел дамуындағы 10 негiзгi мiндеттi айқындап бердi. Атап айтсақ, отандық индустрияға жаңа технологияларды енгiзу, ресурстық әлеуеттi одан әрi дамыту,өнеркәсiп саласындағы еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, өндiрiс жүйесiн цифрландырып, озық бизнес үлгiлерiн игеру қажеттiлiгiне басымдық берiлдi.

Ең бастысы цифрлық дәуiр, технологиялардың дамуы, технологизация, жалпы төртiншi өнеркәсiптiк революцияның шеңберiндегi мемлекеттiң дамуының айқын бағыттарын анықтады. Экономика, мемлекеттiк басқару, тiптi агроөнеркәсiп саласын дамытудың өзiнде технологияларды енгiзуге оны дамытуға басты назар аударды.

Транспорт пен логистикалық инфрақұрылымдарды одан әрi дамыту қажеттiгiн, цифрлық технологияларда енгiзу мен интелектуалды транспорт жүйесiн құру, жүк тасымалдау мерзiмдерiн қысқартуға және транзиттен түсетiн табыстарды еселеуге мүмкiндiк бередi деп атап өттi. Сондай ақ, заманауи технологияларды құрылыс саласында тиiмдi пайдалану керектiгiн айтты. Бұл халықтың баспана мәселесiн шешуше мүмкiндiк бередi. Президент мәлiмдемесiнде қаржы секторын қайта жаңғырту қажеттiлiгi айтылды. Бұл қадам елiмiздегi банк секторын жандандырады. Адами капиталдың сапасын арттыруды да сөз еттi. Халыққа сапалы бiлiм алу үшiн, сапалы медициналық қызмет көрсетiлуi үшiн барлық жағдай жасалуы керек дедi Елбасы. Өнеркәсiп, бiлiм, кешенiн жаңа деңгейге көтеру, банк iсiн жетiлдiру және адам капиталын жақсарту бойынша үкiметке қойылатын нақты мiндеттемелер қойды.

Атап кеткен 10 мiндетiнiң бiрi инфрақұрылымдық жүйенiң интеллектуалдық басқару жүйесiне талаптарды күшейту. Бұл — интеллектуалдық әлеуеттi нығайту, сонымен қатар жеке адамның мүддесiн ойлау, сондай-ақ әлеуметтiк құрылымдардағы жүйелiлiктi басқару болып табылады.

Осы аталған мiндеттердiң орындалуы үшiн бүкiл қоғамның бiрлiгi мен ынтымағы керек екенi сөзсiз. Ол үшiн мекеме басшылары ұжымдарда кеңiнен түсiндiру жұмыстарын жүргiзу қажет деп есептеймiн. Елбасы айтқандай, Отанымыздың көркеюi әркiмнiң жаңа цифрлық дәуiр талаптарына сай болуына байланысты. Осыны әрқайсымыз терең түсiне бiлiп, көшбасшымыздың Қазақстанның жарқын болашағы жолында барлық мақсаттарға қол жететiнiмiзге бiлдiрген сенiмiн ақтау жолында еңбек етуiмiз қажет. 10 бағытқа жүктелген жұмыс жұрт болып жұмылып атқарылатын iс.

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Халыққа Жолдауының толық мәтiнiмен итнернет жүйесiнен және республикалық басылымдардан жарияланған нұсқасымен танысу мүмкiндiгiмiз бар. Өткен жылы Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы бастау алып, индустрияландыру бағдарламасы табысты орындалуда. «Цифрлық Қазақстан» кешендi бағдарламасы қабылданып, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейiнгi дамуының кешендi стратегиялық жоспары жасалды. Биылғы Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртiншi өнеркәсiптiк революция әлемiне бейiмделу мен жетiстiкке жету жолын табу үшiн не iстеу қажеттiгiн айқындап, технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңiне тың серпiн бердi.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.01.2018 11:13

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»