Бекiтемiн
Ақмола облысының архивтер мен
құжаттамалар басқармасының
«Зерендi ауданының мемлекеттiк
архивi» КММ-нiң директоры
_________ Б. Айдосова
Зерендi ауданы мемлекеттiк архивiнiң
2017 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
Зерендi ауданының мемлекеттiк мұрағатының 2017 жылғы жұмысы Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және архивтар туралы" заңын, ,,Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын», «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттiк және арнаулы мемлекеттiк мұрағаттардың толықтыру, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын», «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын», «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi № 88-V Заңын, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (2013.03.07. берiлген өзгерiстер мен толықтырулармен) жүзеге асыруға бағытталады.
Мемлекеттiк архив жұмысы төмендегi бағыттар бойынша жүргiзiледi:
1. Қазақстан Республикасы ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету
Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында архивтiк құжаттардың физикалық жағдайын жақсарту бойынша iстердi қалпына келтiру, жөндеу, дәрiлеу, қоймаларды шаң-тозаңнан тазарту, өшiп қалған мәтiндердi қалпына келтiру, пайдалану қорын құру мақсатында iстердi тiгу, қораптау сияқты бiршама шаралар өткiзiледi.
Сақтаулы құжаттардың 147 сақтау бiрлiгiнiң 312 парағын қалпына келтiрiп, физикалық жағдайын жақсарту жоспарланып отыр. Қор тiзiмi қоса тiркелген (№ 1 қосымша). Төменде көрсетiлген мекемелер мен ұйымдар құжаттарының 520 сақтау бiрлiгiн қораптау көзделген: Қызылсая, Күсеп, Троицк селолық округi әкiмiнiң аппараттары мен «Зерендi ауданының әдiлет басқармасы»ММ-сi, «Кiшiтүктi» орман шаруашылығы ММ-сi, Зерендi ауданының мемлекеттiк санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасы, жеке тектi құжаттар, фото және видео құжаттар.
Өшiп қалған мәтiндердi қалпына келтiру бойынша 17 бет жоспарланды, оның iшiнде № 9-шы «Подлесный совхозы» қорында -5 бет және №24-шi «Күсеп совхозы» қорында — 12 бет қалпына келтiрiледi.
Басқарушылық, жеке құрам бойынша құжаттардың 897 iстерiнiң қолда барын және жағдайын тексеру жұмысын жүргiзу болжанып отыр. Қор тiзiмi қоса тiркелген (№2 қосымша).
ҚР мәдениет және спорт Министрiнiң 2014 жылдың 22 желтоқсандағы № 145 бұйрығының 2 тармағымен бекiтiлген «Ұлттық мұрағат қорының, мемлекеттiк және арнайы мемлекеттiк мұрағаттардың басқа да мұрағаттық құжаттарын пайдалану, есепке алу, сақтау және толықтыру ережесiнiң» 264 тармағының негiзiнде мұрағаттық құжаттардың iстен шығу есебi мемлекеттiк сақтауға жатпайтын құжаттарды жою актiсi арқылы жүргiзiледi. Тамыз айында архивтағы уақытша сақталған құжаттардың құндылық сараптамасын жүргiзiп, бүгiнгi күнi тарихи және тәжiрибелiк мәнiн жойған, мерзiмi өткен құжаттарды актiлеу жұмысын жүргiзу жоспарға қойылды.
1. № 94 қор- МГП Дидар 1993-1996 — 4 сақт.бiрл.
2. № 50 қор-Зерендi аудандық тұтыну одағы 1982-2003- 7 сақт.бiрл.
Барлығы — 11 сақтау бiрлiгi.
Жыл бойы мекемелер мен ұйымдардан, кәсiпорындардан мемлекеттiк сақтауға құжаттарды қабылдау жұмысы жүргiзiледi. Архив қоймаларында қажеттi температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық тәртiптi сақтау жоспарлануда. Тоқсан сайын тазалық күнiн өткiзiп, құрылғы көрсеткiштерiн қатаң қадағалау жұмысын жүргiзу.
Өрт қауiпсiздiгi ережесiн сақтау мақсатында белгiлi бiр мерзiм iшiнде өткiзуге қажеттi төмендегiдей шараларды өткiзу жоспарланып отыр: әрi қарай пайдалану үшiн өртсөндiргiш салмағын өлшеу, қайта зарядтау.
Мемлекеттiк архив жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен архив қоймалары алаңын кеңейту мәселесi бойынша өзара қарым-қатынасын жалғастырады. Архивқа сканер сатып алу жоспарлануда.
2. Қазақстан Республикасының ұлттық қорын қалыптастыру. Ұйымдар мен ведомстволық архивтарды ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басқару.
Бұл бағыт бойынша ҚР-ның Ұлттық архив қорының құжаттарын сапалы қалыптастыруды қамтамасыз ету және мемлекеттiк сақтауға құжаттарды сапалы iрiктеуге аса көңiл бөлiнедi.
2017 жылы архив жұмысы мемлекеттiк есеп жүргiзу аясында ҚР ҰМҚ құжаттарын мемлекеттiк есеп жүргiзу бойынша нұсқаулық негiзiнде жүргiзiледi. Осыған байланысты қағаз жүзiндегi құжаттардың сақтауға келiп түсуiн есепке алу кiтабын, қор тiзiмiн, тiзiмдемелер тiзiмдемесiн есепке алу кiтаптарын жүргiзу жұмысы жүргiзiледi.
Аудандық архив қорларының құрамы мен көлемiнiң өзгерiсi, архив қорының төлқұжаты туралы мәлiметтердi құру жұмыстары жалғастырылады.
Мемлекеттiк сақтауға 398 сақтау бiрлiгi көлемiнде басқарушылық құжаттарды, азаматтардан — 88 сақтау бiрлiгi көлемiнде, 4-видео, 30 -фотоқұжаттарды қабылдау жоспарлануда. Олар Қызылсая, Күсеп, Троицк селолық округi әкiмiнiң аппараттары мен «Зерендi ауданының әдiлет басқармасы» ММ-сi, «Кiшiтүктi» орман шаруашылығы ММ-сi, Зерендi ауданының мемлекеттiк санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасының құжаттары.
Жеке тектi құжат иемденушiлерiмен құжаттарды мемлекеттiк сақтауға тапсыру жөнiнде келiссөздер жүргiзу жұмысын одан әрi жалғастырылады. Келiссөздер жүргiзген соң 4 жеке тектi құжат иемденушiлерiнен құжаттарды мемлекеттiк сақтауға қабылдау жоспарлануда. Ұлы Отан соғысы ардагерi Жаныбаев Күнiбайдың жеке тектi құжаттарынан 15 сақт.бiрлiгiн және Зерендi ауданының құрметтi азаматтары Қабдешев М.Қ. 25 сақт. бiрлiгiн , педагогика саласының еңбек ардагерi, ҚР-ның ағарту iсiнiң үздiгi Утеулин Сапарбек Садуұлының 28 сақт. бiрлiгiн, Социалистiк Еңбек Ерi Жұмағалиев Сартай Жұмағалиұлының 20 сақтау бiрлiгi көлемiнде құжаттарын қабылдап, жеке тектi қорлар ашу. Келiп түскен құжаттарды есепке ала отырып, архив қоймаларындағы топографиялық көрсеткiштердi жаңартып отыру.
Үшiншi тоқсанда Зерендi ауданы туралы «Армандау! Еңбектену! Сену!», «Зерендiдегi мерекелiк мамыр!», «Зерендi сөйлейдi!» атты және «Бiрiншi жартыжылдық қорытындысы бойынша Ақмола облысының алқалы кеңесi Зерендiде» тақырыбындағы видеоқұжаттарды қабылдау жоспарланды.
Ведомстволық сақтаудағы 398 сақт. бiрл. көлемiндегi басқарушылық құжаттардың, 88 сақт.бiрл. көлемiнде жеке тектi қор құжаттарының, 4 видео және 30 фотоқұжаттардың құндылық сараптамасы жүргiзiледi.
Сондай-ақ архивтiң толықтыру көздерi болып табылатын ұйымдар тiзiмiн құру және анықтау жұмыстары жүргiзiледi. № 95 қор -«Зерендi ауданы әкiмiнiң аппараты» және №1 қор — «Зерендi аудандық атқару комитетi» құжаттарынан 30 сақтау бiрлiгiнен 30 карточка дайындап каталогтау жұмысын жалғастыру жоспарланып отыр. Жасалған барлық карточкалар жүйеленiп индекстеледi және сәйкес каталогқа енедi.
Ұйымдардың қадағалау iстерiн, мекемелермен жұмыс iстеудi есепке алу, жеке қор иелерiнiң есебiн, келiп түскен қорларды есепке алу журналдарын жүргiзу жұмыстары жалғастырылады. Мұрағат жеке құрам бойынша құжаттардың орналасқан жерi туралы анықтама құрастыру жұмысын жүргiзедi.
ҚР-ның «Ұлттық мұрағаттық қорлар мен мұрағаттар» Заңының 18 бабына және ҚР-ның «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңының 38 бабына сәйкес төменде көрсетiлген 5 ведомстволардың iстер номенклатурасын, 5 iс жүргiзу ережесiн, 5 ведомстволық мұрағат ережесi мен сараптау комиссиясы ережесiн жетiлдiруде әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсету:
1.Куйбышев орман шаруашалығы
2.Ақмола облысы дене шынықтыру және басқармасының «Мамандандырылған Зерендi балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi» КММ-сi
3.Ауыл шаруашылығы бөлiмi
4.Қаржы және экономика бөлiмi
5.Чаглинка Агробизнес колледжi
Мекемелер мен ұйымдардың iс жүргiзушiлерiмен II-шi , IV-шi тоқсанда 2 кеңес және II, III тоқсандарда ХҚКО қызметкерлерiмен мемлекеттiк қызмет бойынша 2 кеңес өткiзу жоспарға енгiзiлдi.
1. Iс жүргiзу жұмысында ағымдағы iстердi қалыптастыру және ресiмдеу, ведомстволық архивтардағы құжаттарды есепке алу. (II тоқсан)
2. Iстер номенклатурасын жасау барысында сақтау мерзiмi белгiленген тiзбенi қолдану ережесi. (IV тоқсан)
3. "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттiк қызметiн көрсету кезiнде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттiк қызметтердi орындауда стандарт пен регламенттi сақтау және орындау. (II тоқсан)
4. "Мұрағаттық анықтама беру"мемлекеттiк қызметiн көрсету сапасын және қол жетiмдiлiгiн арттыру. (III тоқсан).
Жеке құрам бойынша және үнемi сақталатын құжаттар мен тәжiрибелiк мәнiн жойған құжаттарды жою актiлерiн жеке өздерi өңдейтiн ұйымдарға әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсету жұмыстары жалғастырылады. Iстер номенклатурасын жетiлдiруде әрдайым әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетiледi.
3. Ақпараттық-iзденiс жүйесiн қалыптастыру, құжаттарды пайдалану және ғылыми ақпарат
2017 жылы архив қызметi қоғам қажеттiлiгiн барынша қанағаттандыруға, архив құжаттарын азаматтардың заңды қызығушылықтары мен құқықтарын жүзеге асыру мақсатында пайдалануға, Қазақстан халқының тарихи -мәдени мұрасы болып табылатын архив құжаттарын дәрiптеуге бағытталады.
Қазақстан Республикасының айтулы күндерiне орай төмендегiдей тақыраптарда 2 көрме ұйымдастырылады:
1.Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң 72-жылдығына арналған «Ер есiмi-ел есiнде!» атты жеке тектi қорлар көрмесi. (мамыр айы)
2.ҚР Тәуелсiздiгiнiң 26 жылдығына «Құжаттық деректердегi тәуелсiздiк бейнесi» (желтоқсан айы)
Мамыр айында Жеңiс күнi қарсаңында архив көрмелерiне және архивқа саяхат ұйымдастырылады.Ұлы Отан соғысының ардагерi Рахымжанов Қабрашиттiң 95 жылдығына ақпан айында жасұрпақпен кездесу өткiзу жоспарланды. Тамыз айында Социалистiк Еңбек Ерi Жұмағалиев Сартай Жұмағалиұлының 80 жылдығына «Еңбек ер атандырады» тақырыбында сабақ өткiзiледi.
Жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын мұрағаттық анықтамалар «Е-акимат» ақпараттық жүйесiнде тiркелiп электрондық түрде қызмет көрсету және азаматтар сұранымдарын АРМ ЕУОЛ автоматтандырылған жүйесiне тiркеу жұмыстары жалғастырылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 10 мақала жариялау және 2018 жылға арналған ерекше мәндi және естен кетпес оқиғалар күнтiзбесiн шығару жоспарланып отыр. 2018 жылға арналған ерекше мәндi және естен кетпес оқиғалар күнтiзбесi мәдени-ағартушылық мекемелер мен мектептер, оқу орындары қызметiн ақпараттық қамсыздандыру мақсатында дайындалады. Күнтiзбенi құрастыруда, естен кетпес оқиғалар мен мәлiметтердi iрiктеуде «Естен кетпес оқиғалар мен мерейтойларды мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылдың 28 қыркүйегiндегi № 1465 өкiмiн басшылыққа алу (қыркүйек айы). 1917 жылдан 2016 жыл аралығындағы архив құжаттары негiзiнде анықтамалық «Жолкөрсеткiш» әзiрлеу жоспарда тұр. Архив web-сайты бөлiмдерi ай сайын жаңартылып отырады.
4.Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың бiлiктiлiк деңгейiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.
2017 жылы архив қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн арттыруға күш салынады. Осы мақсатта Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының жоспарына сәйкес архившылардың бiлiктiлiк деңгейiн арттыру үшiн облыстық семинарларға қатысу жоспарланып отыр. 2017 жылы архив қызметкерлерi жоспарланған аттестациялаудан өтедi. Архив қызметкерлерi мен архив iсiнiң ардагерлерiн әлеуметтiк қорғау мәселесiне мүмкiндiгiнше көңiл бөлiнедi.
Келiсiлдi
Ақмола облысының архивтер мен
құжаттамалар басқармасының басшысы
_______________М. Ю. Тохаева
_____________________ 2017 жыл