A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұрағат және құжаттар

2016 жылдың 30 мамырында Мемлекеттiк мұрағат iс жүргiзушiлер мен ауылдық округтердiң мамандарының қатысуымен «Ведомстволық мұрағаттағы құжаттарды қалыптастыру және рәсiмдеу, сақтау тәртiбi» тақырыбында кеңес өткiздi. Кеңесте ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №146 бұйрығымен бекiтiлген «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары» негiзге алынып құжаттарды сақтауға қабылдаудың, iстер тiзiмдемесiн жасаудың, құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзу және оның нәтижелерiн ресiмдеу тәртiптерi қарастырылды.

Қатысушылар iстер номенклатурасын қалыптастыру, жасау тәртiбiндегi өзгерiстерiмен таныстырылды. Зерендi ауданының мемлекеттiк мұрағатының толықтыру көздерi болып табылатын мекемелер мен ұйымдардағы ведомстволық мұрағаттардың төлқұжатын құрастырып уақытында тапсыруы қажеттiгi, уақытша және үнемi сақталатын құжаттар мен жеке құрам бойынша құжаттардың көлемдерi мен құрамын анықтау жұмыстарын өткiзу туралы мәселелерi талқыланды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.01.2017 14:57

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»