A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы «Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi» КММ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша 2021 жылғы есебi

1.Жалпы ережелер

1)Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер

2021 жылға арналған Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы «Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi» КММ жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есебiнде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтерi бойынша мәлiметтер енгiзiлген.

2) Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпарат

— Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны: мемлекеттiк архив 1 мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерiн беру: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi; 2) Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет «мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы; 3) «электрондық үкiметтiң» www.e.gov.kz, веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет электрондық (iшiнара)/қағаз нысанда көрсетiледi.

Барлық мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледi.

2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттiк қызметтердiң саны 1883 құрады:

– «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы — 124;

– веб-портал арқылы www.e.gov.kz– 1367; — Қызмет берушiнiң кеңсесi арқылы тер) — 351.

Мемлекеттiк архивiнде «e-gov» өзiне-өзi қызмет көрсетудiң бұрышы орнатылған.

2.Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты мемлекеттiк архивте стендтерiнен алуға болады. Мемлекеттiк архивтiң сайтында www.gov.kz сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414, 8 800 080 7777.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Мемлекеттiк архив қызметi туралы есептер басқарманың сайтында және әлеуметтiк желiлерiнде орналастырылады, онда әрбiр тұрғын есептердi қарап, түсiнiктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2021 жыл iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету процестерiн жетiлдiру бойынша 4 iс — шара өткiзiлдi:

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет

1) 2021 жылы «электрондық үкiмет» порталы арқылы мемлекеттiк қызметтi орындау бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi:

2021 жылы «электрондық үкiмет» порталы арқылы 1883 мемлекеттiк қызметi көрсетiлдi.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

2021 жылы мемлекеттiк архивiнiң 2 қызметкерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы мемлекеттiк басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өттi.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2021 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шағымдар тiркелген жоқ.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтi алушылардың қанағаттануын арттыру.

Азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс iстеуде, оның iшiнде қағазбастылық пен бюрократизм фактiлерiнiң жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсiби тәсiлдi қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерi немесе архивтiк үзiндiлер беру» мемлекеттiк қызметiн алу туралы халықты хабардар ету («электрондық үкiмет» порталын танымал ету үшiн БАҚ, әлеуметтiк желiлер және т.б. арқылы халықты хабардар етудi жүргiзу).

ДиректорТ. Сейфулин

Комментарии







Очистить данные формы



Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.02.2022 09:00

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»