Елбасы қашан да өзiнiң сөйлеген сөзiнде асуы мол, белесi биiк, сонымен қатар атқарылуға тиiс мақсат-мiндеттердi алға тартады. Бұл мiндеттер «Мәңгiлiк ел» ұлттық идеясы мен «Нұрлы жол» бағдарламасынан бастау алатын отыз дамыған елдiң қатарына қосылуға бағытталған. Бүгiнгi таңда ел игiлiгi жолындағы iстердi еңсеруде «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарының да мәнi мен маңызы ерекше.Ұлт жоспары реформасына елiмiздiң әрбiр азаматы тiкелей атсалысуы қажет деп ойлаймын. Өйткенi бұл реформа-тек үкiметтiң ғана емес, жалпы халықтық iс. Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасы — бұл жаһандық және iшкi сын-қаталерге жауап және сонымен бiрге отыз дамыған мемлекеттердiң қатарына қосылу жөнiндегi басты жоспары. Жоспарда бес институционалдық реформа көрсетiлген:
1.Кәсiби мемлекеттiк аппарат құру
2.Заңның үстемдiгiн қамтамасыз ету
3.Индустрияландыру және экономикалық өсу
4.Бiртектiлiк пен бiрлiк
5.Есеп беретiн мемлекеттi қалыптастыру
Бұл жоспардың негiзгi мақсаты «аурулардың сыртқы белгiлерiн» сыйлап-сипап қою емес, оларды «жүйелi емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекеттi түбегейлi өзгертуге негiзделген. Жоғарыда аталып өткен бес реформаның әрқайсысы 20 қадамнан болып, жалпы есебi-100 қадам жүзеге асырылады. Бес институционалдық реформаның өз дәрежесiнде пайдаға асуы елiмiздiң биiк белестерге шығуына ықпал етедi. Ұлт жоспары елдiң бiрлiгi мен ынтымақтастығын одан әрi дамытып, өркендететiн халықтық реформа болып саналады.
Бiз мұрағат саласының қызметкерлерi мемлекетiмiздiң одан әрi дамуына аз да болсын үлесiмiздi қоса отырып, Елбасының мемлекеттiң болашағы үшiн жасап отырған осындай бағдарламаларын әрдайым қолдап, бұқара арасында үгiт-насихат жүргiзу мақсатында мұрағат мекемесiнде мұрағат қызметкерлерi мен Зерендi селолық округ әкiмiнiң орынбасары Абуталипов Ж. А., зейнетақы тағайындау орталығының басшысы Сарсенбаева Ж. Д., iшкi саясат бөлiмiнiң маманы А. Нажимов қатысуымен кеңес өткiзiлдi. Кеңес барысында елбасының «100 қадам» бағдарламасының әр қадамына жеке-жеке тоқталып, әрқайсысы өз пiкiрiн ортаға салып талқыланды. Жалпы ел Президентiнiң мұндай сындарлы саясаты, айтқан сөздерi көкейге қонымды. Бұл бағдарлама елiмiздiң өткен тарихын түгендеп, еленбей қалған жоғымызды жаңартудың басты iсiне айналуы тиiс деп түсiнемiн. Өйткенi мәдениет пен бiлiм саласындағы соңғы жаңалықтар елiмiздiң рухани дамуына жол ашып отыр. Биылғы жылдың «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы», «Ата Заңымыздың 20 жылдығы», «Қазақ хандығының 550-жылдықтарының» мерекеленуi-елiмiздiң мәдениет саласының дамуына өз үлестерiн қосып отырғандығының айғағы.
Ұлт жоспарында белгiленген реформалардың табысты iске асырылуы әрбiр қазақстандықтың нақты iс-әрекетiне байланысты. Сондай-ақ авторлар «Мәңгiлiк Ел» идеясына, оның жүзеге асырылуының Қазақстан халқының бiрлiгi үшiн, бiлiмдi және патриот жас буынды тәрбиелеу үшiн зор маңызы бар екенiне айрықша назар аударғанымыз жөн.
«100 қадам Қазақстан үшiн күрделi сынақтар кезеңiнен батыл өтуге, «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру жолынан ауытқымауға және мемлекеттiлiктi нығайтуға мүмкiндiк беретiн орнықтылық қорын қамтамасыз етедi деп санаймын.
Әрбiр қадам — Президентiмiздiң нақты практикалық тапсырмасы. Бiздiң әрқайсымыз, әр қазақстандық осы маңызды 100 қадамды өз мамандығында, жұмыс орнында, қоғамдық өмiрде, отбасында бүкiл елмен бiрге жүзеге асырып, өз басымыздан өткеруге тиiспiз.