Бекiтемiн
Ақмола облысының мәдениет,
архивтер мен құжаттамалар
басқармасының «Зерендi
ауданының мемлекеттiк
архивi» КММ-нiң директоры
_________ Т.Сейфулин
Зерендi ауданы мемлекеттiк архивiнiң
2020 жылға арналған жұмыс жоспары
Зерендi ауданы мемлекеттiк архивiнiң 2020 жылғы жұмысы Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және архивтар туралы" заңын, "Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын», «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттiк және арнаулы мемлекеттiк мұрағаттардың толықтыру, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын», «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын», «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi № 88-V Заңын, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (03.07.2013 жылға берiлген өзгерiстер мен толықтырулармен) жүзеге асыруға бағытталады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде 3 жоба бойынша белсендi жұмыс жүргiзудi жоспарлап отырмыз: «Туған жерiм — тұғырым» (ауданның тарихы туралы), «Архивтар сөйлейдi» (архив құжаттары бойынша баспа қызметi), ЖШС "Z-ИНФОРМ" редакциясымен «Зерен» газетiнде ай сайын «Олардың игi iстерi ұмыт қалған емес» тақырыбында архив айдарын ашу туралы келiсiлген, бiз баспа бетiнде аудан дамуына өздерiнiң баға жетпес үлестерiн қосқан еңбек ардагерлерi, қоғам қайраткерлерi, атағы әйгiлi адамдар туралы материалдарды жариялайтын боламыз (архив құжаттары бойынша).
«Туған жер» бағдарламасы аясында Зерендi ауданының құрметтi азаматтарының және Ұлы Отан соғысы ардагерлерiнiң жеке тектi қорларын құру жұмысын жалғастыратын боламыз. Осы қорларды құрудың негiзгi мақсаты — туған жерiнде өшпейтiн iз қалдырған тамаша адамдарға құрмет көрсету болып табылады.
Мемлекеттiк архив жұмысы төмендегi бағыттар бойынша жүргiзiледi:
1. Қазақстан Республикасы ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету
Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында архивтiк құжаттардың физикалық жағдайын жақсарту бойынша iстердi қалпына келтiру, жөндеу, дәрiлеу, қоймаларды шаң-тозаңнан тазарту, өшiп қалған мәтiндердi қалпына келтiру, пайдалану қорын құру мақсатында iстердi тiгу, қораптау сияқты бiршама шаралар өткiзiледi.
2020 жылы № 63 "Зерендi кеңшарлық жұмысшылар кооперативi", № 64 "Пухальск кеңшарлық жұмысшылар кооперативi", № 65 "Чаглинка кеңшарлық жұмысшылар кооперативi", № 66 "Троицк кеңшарлық жұмысшылар кооперативi", № 16 "Достық" АҚ қорларының қағаз жүзiндегi құжаттарын қалпына келтiру жұмысын жалғастыру жоспарлануда, барлығы 300 сақт. бiрл./320 бет. Мұнымен қоса, № 16 "Достық" АҚ қорының 66 сақт. бiрл. тiгiлетiн болады (№ 1 қосымша).
Сонымен қатар осы аталған қорлар құжаттарының өшiп бара жатқан мәтiндерiнiң 15 парағын қалпына келтiрiлетiн болады.
Басқарушылық және жеке құрам бойынша құжаттардың 255 iсiнiң жағдайы мен бар-жоқтығы тексерiледi (№ 2 қосымша).
Архив қоймаларында қажеттi температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық тәртiптi сақтау жоспарлануда. Тоқсан сайын тазалық күнiн өткiзiп, құрылғы көрсеткiштерiн қатаң қадағалау жұмысын жүргiзу жалғастырылады.
Мемлекеттiк архив жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара қарым-қатынас жұмыстарын жалғастырады.
2. Қазақстан Республикасының ұлттық қорын қалыптастыру. Ұйымдар мен ведомстволық архивтарды ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басқару.
Бұл бағыт бойынша ҚР-ның Ұлттық архив қорының құжаттарын сапалы қалыптастыруды қамтамасыз ету және мемлекеттiк сақтауға құжаттарды сапалы iрiктеуге аса көңiл бөлiнедi.
2020 жылы мемлекеттiк архивтiң мемлекеттiк есеп жүргiзу аясындағы жұмысы ҚР ҰМҚ құжаттарын мемлекеттiк есепке алу нұсқаулығы негiзiнде жүргiзiледi. Осыған байланысты қағаз жүзiндегi құжаттардың сақтауға келiп түсуiн есепке алу кiтабын, қор тiзiмiн, тiзiмдемелер тiзiмдемесiн есепке алу кiтаптарын жүргiзу жұмысы жүргiзiледi.
2020 жылға қор карточкалары мен қорлардың құрамы мен көлемiнiң өзгерiсi, архив қорының төлқұжаты туралы мәлiметтер белгiленген мерзiмде дайындалып Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасына тапсырылады.
2019 жылғы 22 сәуiрдегi Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы басшысының № 19 бұйрығы негiзiнде жоспар құрастырылған болатын, осы жоспарға сәйкес 2020 жылы Зерендi ауданының "Бiлiм бөлiмi" ММ-сi құжаттарының 62 сақт. бiрлiгi 350 мың теңге сомасында ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзiлетiн болады.
Аудандық архив қорларының құрамы мен көлемiнiң өзгерiсi, архив қорының төлқұжаты туралы мәлiметтердi құру жұмыстары жалғастырылады.
Жеке тектiк құжат иемденушiлерiмен құжаттарды мемлекеттiк сақтауға тапсыру жөнiнде келiссөздер жүргiзу жұмыстары одан әрi жалғастырылады. 30 сақт.бiрлiгi көлемiнде педагогикалық еңбек ардагерлерi құжаттарының жинақтамасын қалыптастыру да жоспарда бар.
Сондай-ақ мемлекеттiк архив 2019-2020 жылдар аралығындағы Зерендi ауданының тарихы туралы ең маңызды 15 фотоқұжаттармен толығады.
Жыл бойы келiп түскен құжаттарды есепке ала отырып, архив қоймаларындағы топографиялық көрсеткiштердi жаңартып отыру.
Мекемелердiң сақтау мерзiмi асқан құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзу жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Ведомстволық сақтаудағы құжаттардың құндылығын сараптауға басқарушылық құжаттардың -62 сақт.бiрлiгi жоспарлануда.
Сондай-ақ архивтiң толықтыру көздерi болып табылатын ұйымдар тiзiмiн құру және анықтау жұмыстары жүргiзiледi. № 95 қор -«Зерендi ауданы әкiмiнiң аппараты» және №1 қор — «Зерендi аудандық атқару комитетi» құжаттарының 20 сақтау бiрлiгiн каталогтау жұмысын жалғастыру жоспарланып отыр. 30 карточка дайындалады. Жасалған барлық карточкалар жүйеленiп индекстеледi және сәйкес каталогқа енедi.
Ұйымдардың қадағалау iстерiн, мекемелермен жұмыс iстеудi есепке алу, жеке қор иелерiнiң есебiн, келiп түскен қорларды есепке алу журналдарын жүргiзу жұмыстары жалғастырылады.
2020 жылы Зерендi ауданының "Экономика және қаржы бөлiмi" ММ-нiң, "Зерендi ауданының сайлау комиссиясы" ММ-нiң 2 iстер номенклатурасы және осы мекемелердiң 2 ведомстволық архив ережесi мен сараптау комиссиясының ережелерi одан әрi жетiлдiрiледi.
2020 жылдың 1-4 тоқсандары аралығында iс жүргiзуге жауапты мамандармен үнемi сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу, iстер номенклатурасын құрастыру, iстердi қалыптастыру, рәсiмдеу, ведомстволық архивке тапсыру мәселелерi бойынша 4 семинар өткiзу көзделiп отыр.
Iстер, құжаттар тiзiмдемесiн дайындау-қарапайым рәсiм емес және iс жүргiзуге жауапты маманға құжаттардың жүргiзiлуiне ,сақталуына және мемлекеттiк сақтауға тапсыруына бiраз машақат жүктейдi. Мекемелерге шығу және бару кезiнде тұрақты сақталатын және жеке құрам құжаттарының тiзiмдемелерiн жасау ережелерi бойынша әдiстемелiк көмек көрсетiлетiн болады.
1-4 тоқсан аралығында "Архивтiк анықтамаларды беру" мемлекеттiк қызметiнiң сапасын және орындалу мерзiмiнiң жылдамдығын арттыру, қызмет алушының өтiнiш берген кезде жiберетiн қателiктерiн болдырмау мақсатында ХҚКО қызметкерлерiмен 4 семинар өткiзу жоспарланып отыр.
3. Ақпараттық-iзденiс жүйесiн қалыптастыру, құжаттарды пайдалану және ғылыми ақпарат
2020 жылы мемлекеттiк архив сайты бойынша жұмыс жалғасатын болады, онда мемлекеттiк архив қызметiнiң негiзгi бағыттары көрсетiлетiн болады. Сонымен қатар сайтта «Архивтiк анықтамаларды, архивтiк құжат көшiрмелерi немесе архивтiк үзiндiлердi беру» мемлекеттiк қызметiн www.egov.kz. электрондық үкiмет порталы арқылы оңай алу туралы ақпарат орналасатын болады, «Виртуалды қабылдау бөлмесi», «Келушiлер пiкiрлерi» бөлiмдерi бойынша сайт мүмкiншiлiктерiн белсендi пайдалану жоспарлануда.
2020 жылы 162 сақт. бiрлiгiн құрайтын № 196 «Агробизнес колледжi» МКҚК қорының тiзiмдемесi қайта өңделедi.
Жыл бойы № 67 қор "Зерендi ауданының дайындау кеңсесiнiң" құжаттарын цифрлық форматқа көшiру жұмыстары жүргiзiледi.
ҚБЭА бағдарламасына мәлiметтердi енгiзу жұмыстары жалғастырылады.
2020 жылы архив қызметi қоғам қажеттiлiгiн барынша қанағаттандыруға, архив құжаттарын азаматтардың заңды қызығушылықтары мен құқықтарын жүзеге асыру мақсатында пайдалануға, Қазақстан халқының тарихи -мәдени мұрасы болып табылатын архив құжаттарын дәрiптеуге бағытталады.
Архивтiк құжаттарды пайдалану арқылы төмендегi тақыраптарда 6 көрме ұйымдастырылады:
1. 15 ақпан-Кеңес әскерлерiнiң Ауғанстаннан шығарылған күнi (ақпан);
2. Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң 75-жылдығына арналған «Ел жадында аңыз болып сақталады» тақырыбында ҰОС-сы ардагерлерiнiң жеке тектi қорлар құжаттарының көрмесi. (мамыр)
3. ҚР-ның Тұңғыш Президентi Н. Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған көрме (шiлде);
4. ҚР-сы Конституциясының 25 жылдығына арналған көрме (тамыз);
4. "Зерендi ұстаздарымен атақты" (қазан);
5. Мәлiк Ғабдуллиннiң 105 жылдығына арналған көрме.
Ортаңғы буын оқушыларына архивқа саяхат ұйымдастырылады.
Жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын мұрағаттық анықтамалар «Е-акимат» ақпараттық жүйесiнде тiркеу жұмыстары жалғастырылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Зерендi ауданының атақты тұлғаларының мерейтойларына арналған 5 мақала жариялау көзделiп отыр. Олар: атақты журналист, Зерендi ауданының Құрметтi азаматы-Ғосман Төлеғұлдың туғанына 70 жыл, ҰОС Жеңiсiнiң 75 жылдығы, Совет Одағының батыры-Михаил Сергеевич Пономаревтың туғанына 100 жыл, Социалистiк Еңбек Ерi-Василий Николаевич Пышмынцевтың туғанына 105 жыл, Социалистiк Еңбек Ерi-Сертай Бектұрғановтың туғанына 85 жыл.
4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың бiлiктiлiк деңгейiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.
Мемлекеттiк архив қызметкерлерiн архив қызметiнiң жаңа нысандары мен әдiстерi туралы ақпараттандыру жұмыстары жалғастырылады. Мемлекеттiк архив қызметкерлерiнiң кәсiби бiлктiлiк деңгейiн арттыру үшiн өндiрiстiк-аппараттық оқу мен құқықтық жалпыоқыту сабақтарын өткiзу жоспарлануда. Мұнымен қоса, құқықтық, еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасын сақтау және төтенше жағдайлар жөнiндегi мәселелер қарастырылады. Архив қызметкерлерi мен ардагерлерiн әлеуметтiк қорғау мәселелерi де көңiлден тыс қалмайды.
5. Еңбек қорғау, өрт қауiпсiздiгi мәселелерi
Зерендi ауданы мемлекеттiк архивiнiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында әрекеттегi ережелер талаптарын, өрт қауiпсiздiгi бойынша нұсқаулықтарды сақтауға және өрт сөндiру құрылғыларының дұрыс жұмыс iстеуiне баса назар аударылады. Қажет болған жағдайда эвакуация жоспары анықталып, төтенше жағдайлар кезiнде архив құжаттарын барынша сақтап қалу жұмыстары ұйымдастырылады.