A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Басты мақсат – сапалы қызмет көрсету

Әр заманның өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты құжаттар да өзiндiк сипатқа ие болуда. Қазiр дәстүрлi жазба құжаттармен қатар, өмiрге электронды құжаттар ұғымы келдi. Бүгiнгi таңда Зерендi ауданының мемлекеттiк мұрағатымен «мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметi көрсетiледi. Бұл қызмет түрi тiкелей мұрағаттар арқылы қолданушылардың жеке өтiнiштерi бойынша, пошталық байланыс арқылы, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары және «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, мұрағат анықтамасын беру қызметi ақысыз негiзде жеке және заңды тұлғаларға еңбек өтiлi мен еңбек ақы төлемдерiнiң мөлшерiн, жасын, бiлiмi мен бiлiктiлiгiн, мемлекеттiк және ведомстволық сыйлармен марапатталғанын, зейнетақылық жарналар мен әлеуметтiк салымдардың аударылуын, ғылыми даңқтар мен деңгейлердiң тағайындалуын, емделуде, қамау орындарында болғанын, көшiру мен сауықтыруда, экологиялық апатты аймақтарда, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезiнде жұмыс iстегендiгiн, азаматтық хал-жағдайлар актiлерi мен мүлiктiк құқықтарын растау тәрiздi әлеуметтiк құқықтық сипаттағы негiзде көрсетiледi.

2015 жылы мемлекеттiк мұрағатпен 1463 адамға, соның iшiнде алыс және жақын шетелдiк жеке және заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалар үшiн-504, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы-807, «Электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы –152 қызмет түрлерi көрсетiлдi. Ағымдағы жылдың қаңтар айында 108 сұраным, соның iшiнде 52-i ХҚКО арқылы, 29-i ЭҮП арқылы, 27-i пошта арқылы келiп түстi. Ал ақпан айында 146 сұраным, соның iшiнде 70-i ХҚКО арқылы, 38-i ЭҮП арқылы, 38-i пошта арқылы. Сұранымдардың барлығы «Е-акимат» және веб-ЕУОЛ деректер базасына тiркелiп уақытында жауап берiлдi. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет саны мен сапасын, мерзiмiн бақылау мақсатында ай сайын мониторинг жұмыстары жүргiзiлуде. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпараттар ведомстволық интернет-ресурста, ғимараттың дәлiзiндегi ақпараттық стендттерде, «электрондық үкiмет» веб-порталында, орналастырылған. Иә, қазақстандық қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жаңғыртуының басым бағыттарының бiрi — халыққа мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын арттыру. Сондықтан, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн сапалы орындау — мұрағатшылардың жауапкершiлiгi мен кәсiпқойлығын бағалаудың маңызды критерийi болып табылады.

Зерендi ауданы мемлекеттiк
мұрағатының мұрағатшысы
Шынар Бекенова


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 25.04.2016 16:54

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»