Бекiтемiн
Ақмола облысының архивтер мен
құжаттамалар басқармасының
«Зерендi ауданының мемлекеттiк
архивi» КММ-нiң директоры
_________ Т.Сейфулин
Зерендi ауданының мемлекеттiк мұрағатының 2019 жылғы жұмысы Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және архивтар туралы" заңын, ,,Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын», «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттiк және арнаулы мемлекеттiк мұрағаттардың толықтыру, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын», «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын», «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi № 88-V Заңын, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (2013.03.07. берiлген өзгерiстер мен толықтырулармен) жүзеге асыруға бағытталады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде 3 жоба бойынша белсендi жұмыс жүргiзудi жоспарлап отырмыз: «Туған жерiм — тұғырым» (ауданның тарихы туралы), «Архивтар сөйлейдi» (архив құжаттары бойынша баспа қызметi), ЖШС "Z-ИНФОРМ" редакциясымен «Зерен» газетiнде ай сайын «Олардың игi iстерi ұмыт қалған емес» тақырыбында архив айдарын ашу туралы келiсiлген, бiз баспа бетiнде аудан дамуына өздерiнiң баға жетпес үлестерiн қосқан еңбек ардагерлерi, қоғам қайраткерлерi, атағы әйгiлi адамдар туралы материалдарды жариялайтын боламыз (архив құжаттары бойынша).
«Туған жер» бағдарламасы аясында Зерендi ауданының құрметтi азаматтарының және Ұлы Отан соғысы ардагерлерiнiң жеке тектi қорларын құру жұмысын жалғастыратын боламыз. Осы қорларды құрудың негiзгi мақсаты — туған жерiнде ұмытылмайтын iз қалдырған тамаша адамдарға құрмет көрсету болып табылады.
Мемлекеттiк архив жұмысы төмендегi бағыттар бойынша жүргiзiледi:
1. Қазақстан Республикасы ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету
Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында архивтiк құжаттардың физикалық жағдайын жақсарту бойынша iстердi қалпына келтiру, жөндеу, дәрiлеу, қоймаларды шаң-тозаңнан тазарту, өшiп қалған мәтiндердi қалпына келтiру, пайдалану қорын құру мақсатында iстердi тiгу, қораптау сияқты бiршама шаралар өткiзiледi.
Сақтаулы құжаттардың 152 сақтау бiрлiгiнiң 290 парағын қалпына келтiрiп, физикалық жағдайын жақсарту жоспарланып отыр. Қор тiзiмi қоса тiркелген (№ 1 қосымша). Төменде көрсетiлген мекемелер мен ұйымдар құжаттарының 155 сақтау бiрлiгiн қораптау көзделген. Бұл 2019 жылға жоспарланып бекiтiлген кестеге сәйкес қабылданатын құжаттар.
Өшiп қалған мәтiндердi қалпына келтiру бойынша №36-шы «Қазақ КСР-на 40 жыл кеңшары» қорының — 11 бетiн, №8-шi «Айдабол спирт зауыты» АҚ қорының 10 бетiн қалпына келтiру жоспарланды. Қор тiзiмi қоса тiркелген (2 қосымша)
Жыл бойы мекемелер мен ұйымдардан, кәсiпорындардан мемлекеттiк сақтауға құжаттарды қабылдау жұмысы жүргiзiледi. Архив қоймаларында қажеттi температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық тәртiптi сақтау жоспарлануда. Тоқсан сайын тазалық күнiн өткiзiп, құрылғы көрсеткiштерiн қатаң қадағалау жұмысын жүргiзу.
Мемлекеттiк архив жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара байланыста жұмысын жалғастырады.
2. Қазақстан Республикасының ұлттық қорын қалыптастыру. Ұйымдар мен ведомстволық архивтарды ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басқару.
Бұл бағыт бойынша ҚР-ның Ұлттық архив қорының құжаттарын сапалы қалыптастыруды қамтамасыз ету және мемлекеттiк сақтауға құжаттарды сапалы iрiктеуге аса көңiл бөлiнедi.
2019 жылы архив жұмысы мемлекеттiк есеп жүргiзу аясында ҚР ҰМҚ құжаттарын мемлекеттiк есеп жүргiзу бойынша нұсқаулық негiзiнде жүргiзiледi. Осыған байланысты қағаз жүзiндегi құжаттардың сақтауға келiп түсуiн есепке алу кiтабын, қор тiзiмiн, тiзiмдемелер тiзiмдемесiн есепке алу кiтаптарын жүргiзу жұмысы жүргiзiледi.
Аудандық архив қорларының құрамы мен көлемiнiң өзгерiсi, архив қорының төлқұжаты туралы мәлiметтердi құру жұмыстары жалғастырылады.
Мемлекеттiк сақтауға 114 сақтау бiрлiгi көлемiнде басқарушылық құжаттарды, азаматтардан — 41 сақтау бiрлiгi көлемiнде, 15 -фотоқұжаттарды қабылдау жоспарлануда. Олар «Зерендi аудандық орлықтандырылған аурухана» ШҚБ РМКК, «Зерендi ауданының бiлiм бөлiмi» ММ, «Зерендi ауданының орталықтандырылған кiтапхана жүйесi» ММ-нiң құжаттары.
Жеке тектi құжат иемденушiлерiмен құжаттарды мемлекеттiк сақтауға тапсыру жөнiнде келiссөздер жүргiзу жұмысын одан әрi жалғастырылады. Келiссөздер жүргiзген соң 2 жеке тектi құжат иемденушiлерiнен құжаттарды мемлекеттiк сақтауға қабылдау жоспарлануда.
Ұлы Отан соғысы ардагерлерi Степченко Григорий Илларионович, Жаңғалов Баян Жаңғалұлының жеке тектi қорлары құрылады.
Мемлекеттiк архив 2018-2019 жылдардағы Зерендi ауданы туралы ең маңызды фотоқұжаттармен толығады.
Келiп түскен құжаттарды есепке ала отырып, архив қоймаларындағы топографиялық көрсеткiштердi жаңартып отыру.
Мекемелердiң сақтау мерзiмi асқан құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзу жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Ведомстволық сақтаудағы құжаттардың құндылығын сараптауға басқарушылық құжаттама -114 сақт.бiрлiгi ұшырайды.
Сондай-ақ архивтiң толықтыру көздерi болып табылатын ұйымдар тiзiмiн құру және анықтау жұмыстары жүргiзiледi. № 95 қор -«Зерендi ауданы әкiмiнiң аппараты» және №1 қор — «Зерендi аудандық атқару комитетi» құжаттарының 20 сақтау бiрлiгiн каталогтау жұмысын жалғастыру жоспарланып отыр. 30 карточка дайындалады. Жасалған барлық карточкалар жүйеленiп индекстеледi және сәйкес каталогқа енедi.
Ұйымдардың қадағалау iстерiн, мекемелермен жұмыс iстеудi есепке алу, жеке қор иелерiнiң есебiн, келiп түскен қорларды есепке алу журналдарын жүргiзу жұмыстары жалғастырылады.
ҚР-ның «Ұлттық мұрағаттық қорлар мен мұрағаттар» Заңының 18 бабына және ҚР-ның «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңының 38 бабына сәйкес төменде көрсетiлген 4 ведомстволардың iстер номенклатурасын, 4 iс жүргiзу ережесiн, 4 ведомстволық мұрағат ережесi мен сараптау комиссиясы ережесiн жетiлдiруде әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсету жоспарланды:
1.«Зерендi ауданының бiлiм бөлiмi» ММ
2. «Зерендi ауданының дене шынықтыру және спорт бөлiмi» ММ
3. «Зерендi ауданының тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобильдiк жолдар» ММ
4. «Зерендi ауданының ауыл шаруашылық бөлiмi» ММ
Толықтандыру көздерiнiң басшылары және iс жүргiзушiлерiмен 4 кеңес ұйымдарға шығу, ауылдық округтерге бару арқылы өткiзiледi.
Iстер, құжаттар тiзiмдемесiн дайындау — қарапайым рәсiм емес және iс жүргiзуге жауапты маманға құжаттардың жүргiзiлуiне ,сақталуына және мемлекеттiк сақтауға тапсыруына бiраз машақат жүктейдi.
Мекемелерге шығу және бару кезiнде тұрақты сақталатын және жеке құрам құжаттарының тiзiмдемелерiн жасау ережелерi бойынша әдiстемелiк көмек көрсетiлетiн болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет» МККЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Зерендi аудандық бөлiмiнiң қызметкерлерiмен мемлекеттiк қызмет бойынша 4 кеңес өткiзу жоспарға енгiзiлдi.
Жеке құрам бойынша және үнемi сақталатын құжаттар мен тәжiрибелiк мәнiн жойған құжаттарды жою актiлерiн жеке өздерi өңдейтiн ұйымдарға әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсету жұмыстары жалғастырылады. Iстер номенклатурасын жетiлдiруде әрдайым әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетiледi.
3. Ақпараттық-iзденiс жүйесiн қалыптастыру, құжаттарды пайдалану және ғылыми ақпарат
2019 жылы архив қызметi қоғам қажеттiлiгiн барынша қанағаттандыруға, архив құжаттарын азаматтардың заңды қызығушылықтары мен құқықтарын жүзеге асыру мақсатында пайдалануға, Қазақстан халқының тарихи -мәдени мұрасы болып табылатын архив құжаттарын дәрiптеуге бағытталады.
Архивтiк құжаттарды пайдалану арқылы төмендегi тақыраптарда 8 көрме ұйымдастырылады:
1.Ауған соғысынан әскерлердiң шығарылуына 30 жылдығына (ақпан)
2.В.Шаровтың 75 жылдығына арналған «Весь мир на лыжах обойти» көрмесi (наурыз)
3.Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң 74-жылдығына арналған «Ел жадында аңыз болып сақталады» тақырыбында жеке тектi қорлар көрмесi. (мамыр)
4.Социалистiк Еңбек Ерi, Ұлы Отан соғысының ардагерi Баян Жаңғаловтың 105 жылдық мерейтойына арналған көрме. (шiлде)
5.Мұхит Қабдешевтың 80 жылдығына арналған көрме (тамыз)
6.Зерендi ауданының Құрметтi азаматы, жазушы журналист Баймұрат Азнабаевтың мерейтойына арналған көрме (қараша)
7. ҚР Тұңғыш Президентi күнi «Көшбасшының өмiрбаяны — елдiң тарихы»
кiтаптар көрмесi (30 қараша)
8.ҚР Тәуелсiздiгiнiң 28 жылдығына «Құжаттық деректердегi тәуелсiздiк бейнесi» (желтоқсан)
Ауданымыздың үш мектебiнiнiң ортаңғы буын оқушыларына архивқа 4 саяхат ұйымдастырылады. Ағымдағы жылдың мамыр айында «Ел жадында аңыз болып сақталады» тақырыбында және қараша айында жоғары сынып оқушыларына саяхат-сабақ өткiзiледi.
Жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын мұрағаттық анықтамалар «Е-акимат» ақпараттық жүйесiнде тiркелiп электрондық түрде қызмет көрсету және азаматтар сұранымдарын АРМ ЕУОЛ автоматтандырылған жүйесiне тiркеу жұмыстары жалғастырылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 10 мақала жариялау және 2019 жылға арналған ерекше мәндi және естен кетпес оқиғалар күнтiзбесiн шығару жоспарланып отыр. 2019 жылға арналған ерекше мәндi және естен кетпес оқиғалар күнтiзбесi мәдени-ағартушылық мекемелер мен мектептер, оқу орындары қызметiн ақпараттық қамсыздандыру мақсатында дайындалады. Күнтiзбенi құрастыруда, естен кетпес оқиғалар мен мәлiметтердi iрiктеуде «Естен кетпес оқиғалар мен мерейтойларды мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылдың 28 қыркүйегiндегi № 1465 өкiмiн басшылыққа алу). Архив web-сайты бөлiмдерi ай сайын жаңартылып отырады.