A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Іс жүргізушілермен өткізілген кеңес

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң м.а. 2017 жылғы 29 қыркүйектегi № 263 бұйрығымен «Сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттар тiзбесi» бекiтiлдi.

22 желтоқсан күнi «Нұр Отан» ғимаратынынң жиналыс залында жаңа тiзбемен таныстыру мақсатында , сондай-ақ архивтiк құжаттарды сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi толықтыру көздерi болып табылатын мекемелердiң орындау тәртiбi туралы кеңес өткiзiлдi.

Кеңес жұмысына ауылдық округтардың және мемлекеттiк мекемелердiң iс қағаздарды жүргiзу iсiне жауапты мамандары қатысты. Кеңесте iс қағаздарды жүргiзу және архив саласындағы өзектi мәселелер қарастырылып, iстер номенклатурасын әзiрлеу тәртiбi туралы түсiнiктемелер берiлдi.

Әрбiр мекеменiң iстер номенклатурасы болуы заңды, осы құжатта ең маңызды тарап әр iстiң сақтау мерзiмдерiн көрсету. Сақтау мерзiмдерiн анықтау кезiнде сақтау мерзiмдерi көрсетiлген тiзбенi пайдалану қажет. Кеңеске қатысушыларға жаңа тiзбенi қолдану бойынша ұсыныстар берiлдi.

Ерекше назар құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды мемлекеттiк архивқа мерзiмiнде тапсыру мәселесiне аударылды.

Кеңес барысында ведомстволық iстердiң тiзiмдемелерiн жасап, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзуге жауапкершiлiк танытқан мамандар атап өтiлдi: Бұлақ с/о — А.Цехменструк, Исаковка с/о — Ы. Сұлтанова, Бәйтерек с/о- С.Таңдаева, Приреченск с/о — Г.Талпақов, Қызылегiс с/о — Б.Қарабатыров, Айдабол селосының әкiм аппаратының маманы — А.Айсина, Зерендi ауданының әкiм аппараты маманы — А. Беркiнбаева, аудандық мәслихаттан — С.Балгереева, Чаглинка колледжi –А. Әбильдинова и З.Қарабаева, Чаглинка с/округ — С.Мусина, Қонысбай с/округ- Б. Қариполлина, М. Ғабдуллин атындағы с/о — Б.Абылкасова, Канай би атындағы с/о — Ж. Ақынова.

Семинар аясында белсендi және нәтижелi диалог жүргiзiлiп, қойылған сұрақтарға барысында егжей-тегжейлi жауаптар берiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 22.12.2017
Қаралым саны: 2014

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Зеренді ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»